04.12.2007, 16:15 2970

Каспий биоресурстары жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы Ашхабадта 17 - 20 желтоқсан аралығында өтеді

Каспий биоресурстары жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы Ашхабадта 17 - 20 желтоқсан аралығында өтеді

Баку. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі комиссиясының 28 отырысы Ашхабадта 17-20 желтоқсан аралығында өтеді, деп хабарлады агенттік тілшісіне Изербайжанның табиғат ресурстары және экология жөніндегі министрлігі.

"Күн тәртібі бойынша қаралатын бес мәселенің ішінде 2008 жылы Каспий аймағындағы елдердің бекіре балығы аулау және қара уылдырық экспортының квотасы қарастырылады. Сондай-ақ, Каспий маңайындағы мемлекеттердің 2007 жылы квотаны орындау жөніндегі ақпараты тыңдалады", - деп хабарлады министрлікте.

Минэкологияда атап өтілгеніндей, Изербайжан үшін 2007 жылы белгіленген ұлттық квота көрсеткіші сол күйінде қалдырылады деген үмітте.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2007 жылы Каспий аймағындағы бес мемлекетке бекіре балығын аулаудың жалпы квотасы 1071 тонна деп белгіленген. Оның ішінде Ресейге - 286,5 тонна, Иранға - 450 тонна, Қазақстанға - 182,5 тонна, Изербайжанға - 90 тонна және Түркменстанға- 62 тонна болып бекітілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны