16.04.2009, 18:53 3408

Каспий өңірінің елдері донор ұйымдармен бірлесіп Каспий теңізі биоресурстарын сақтау жобасын іске қосады

Каспий өңірінің елдері донор ұйымдармен бірлесіп Каспий теңізі биоресурстарын сақтау жобасын іске қосады

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Каспий өңірінің елдері донор ұйымдармен бірлесіп Каспий теңізі биоресурстарын сақтау жобасын іске қосады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың 15 - 17 сәуірінде Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Каспий маңы елдері өкілдері мен "Каспий теңізі: балық қорын қалпына келтіру және тұрақты аймақтық табиғатты қорғау құрылымын құру" ("КаспЭко" жобасы) ЖЭҚ жобасының іске қосылуы бойынша донорлық ұйымдардың бастапқы мәжілісін өткізеді.

КаспЭко жобасы 1998 жылдан бастап ЖЭҚ қолдауымен Каспий маңы елдерінде жүзеге асырылған Каспий экологиялық бағдарламасының негізгі үшінші фазасы болып табылады.

Жобаның мақсаты - Каспий теңізі биоресурстарын сақтау және орнықты пайдалану. Жобада КЭБ және Каспий теңізі (Тегеран конвенциясы) теңіз ортасын қорғаудың Шектеулі конвенциясын жүзеге асыру бойынша өткен жылдарда жасалған сабақтастық жұмыс бағыттылығы нақты айқындалып, экожүйе жолы қағидаларын басшылыққа ала отырып, елдердің ынтымақтастығының дамуына негізделген өзара қарым қатынастың жаңа жобалары бір мезгілде белгіленді.

Аймақтық деңгейде іс-шара жүргізумен қатар жобаның орындалуы шеңберінде әрбір Каспий маңы елдері үшін нақты іс-шаралар жүзеге асырылатын болады. Нақты айтқанда Қазақстанда Орал өзені дельтасының уылдырық шашатын жеріне зерттеу жүргізу, Каспий теңізі маңындағы Каспий итбалықтары үшін ерекше қорғалатын табиғат аймақтарының ТЭН әзірлемесін құру және т.б. жоспарлануда.

Жұмыс мәжілісіне табиғатты қорғау ведомстволарының, сыртқы істер министрлігінің және барлық Каспий маңы елдерінің балық шаруашылығы ұйымдары мен донорлық ұйымдардың (ЖЭҚ, БҰҰДБ, ЮНЕП, ФАО, Бүкіләлемдік банк және т.б.) мен жеке сектор өкілдері қатысады.

КЭБ үшінші базасының ерекшелігі - Тегераннан (Иран) Астанаға (Қазақстан) көшірілген Бағдарламаның аймақтық орталығы біздің елімізге бірқатар ұйымдастырушылық және ақпараттық сипаттағы артықшылықтар беретіндігінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны