25.05.2007, 18:49 3536

Каспий теңізін қоршай орналасқан бес мемлекет Каспийдегі теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияның іс-қызметін жандыру жөніндегі құжаттарды бекітті

БАКУ. 25 - мамыр. Kazakhstan Today. Ресей, Изербайжан, Қазақстан, Түрікменстан және Иран елдерінің экологиялық мекемелерінің басшылары бүгін Бакуде министрлер мен министрлердің орынбасарлары деңгейінде өткен Каспийдегі теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қатысушы жақтардың бірінші бас қосуы барысында аталмыш конвенцияның іс-қызметін жандыру жөніндегі бірқатар құжаттарды бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Журналистерге Изербайжанның экология және табиғат ресурстары министрі Гусейн Багиров хабарлағандай, конвенцияға қатысушы жақтар Негіздемелік конфенцияның процедуралық және қаржылық ережесін, конвенцияның бір жылға орындалу бағдарламасын (2007 - 2008 жылдың мамыры), сонымен қатар әр елден бірдей үлеспен конвенцияның 2009 жылға арналған 360 мың АҚШ доллары көлеміндегі бюджетін бекітті. Конвенцияға қатысушы жақтар сондай-ақ жыл сайын 12-тамызда Каспийдің аймақтық күнін өткізу туралы келісті.

"Аталмыш кездесу барысында тек конвенцияның ұйымдастырушы құрылымы туралы мәселеге қатысты келісімге қол жеткізілмеді. Атап айтқанда, сөз Негіздемелік конвенцияның Тұрақты хатшылығын орналастыру туралы болып отыр, себебі Иран, Ресей және Изербайжан оны өздерінде орналастыруды ұсынып отыр. Бұл мәселе Каспийдегі теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенциясына қатысушылардың 2008 жылдың бірінші жарты жылдығында Иранда өткізу жоспарланған екінші бас қосуына дейін ашық күйінде қалып отыр. Осы уақытқа дейін уақытша хатшылық қызметін Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы жүзеге асыруды жалғастырады",- деді министр.

Сонымен қатар, қатысушы жақтар өздерінің үкіметтерінің негіздемілік конвенцияның үш хаттамасы бойынша келіссөзді жалғастыру ниеттерін бекітті: биологиялық түрлерді сақтау жөнінде, Каспий теңізін жер бетіндегі көздердің ластауынан қорғау және қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыда әсер етуді бағалау жөнінде, бұл оларға екінші бас қосу аясында қол қоюға мүмкіндік береді.

Каспийдегі теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Тегеранда 2003-жылдың 4-қарашасында Изербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей қол қойған болатын. кейіннен оған Түрікменстан да қосылған.

Бұл конвенцияның мақсаты Каспий теңізіндегі қоршаған ортаны барлық ластау көздерінен қорғау, сондай-ақ, Каспий теңізінің ресурстарын күзету, сақтау мен тиімді пайдалану болып табылады. Құжатта сонымен қатар Каспий теңізі ортасын күзету, сақтау мен қалпына келтірудің, оның ластануының алдын алуға бағытталған тиісті шараларды дербес немесе бірлесе қабылдау қарастырылған.

Конвенция ережелерін орындауда келісуші жақтар басшылыққа алатын басты принциптердің бірі - "ақшаны ластаушы төлейді" деген принцип болмақ. Оған сәйкес теңіздің бассейніне кері әсер еткен жақ Каспийдегі теңіз ортасының ластануының алдын алу, бақылау мен азайтуға бағытталған шаралардың шығынын өз мойнына алады.

Каспийдегі теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияны Изербайжан 2006-жылдың сәуірінде бекітті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны