28.09.2007, 14:01 2820

Каспий теңізінде суға батып кеткен "Баку" кемесінің экипажын оныншы тәулік бойы іздестіруде

Каспий теңізінде суға батып кеткен "Баку" кемесінің экипажын оныншы тәулік бойы іздестіруде


Астана. 28 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Атырауда Каспий теңізінде суға батып кеткен "Баку" кемесінің экипажын оныншы тәулік бойы іздестіруде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 қыркүйектегі жағдаймен "Баку" кемесінің экипажын іздестіру жұмыстарына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің 3 құтқарушысы мен Астраханның сүңгуірлерлері, "Атырауөзенпорты" АҚ-ның 2 кемесі мен "ҚазЭйрВест" әуе компаниясының 1 тікұшағы жұмылдырылған. "Іздестіру жұмыстары жалғасуда", - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.



Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Атырауөзенпорты" АҚ тиесілі "Баку" кемесі 19 қыркүйекте 8 сағат 30 минутта суға батып кеткен. Кемеде экипаждың 4 мүшесі болған. Келесі күні суға батып кеткен кеме табылған, ал оның экипаждары табылмай отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны