15.08.2008, 18:06 2970

Каспий теңізіндегі Қызылсу аралына Түркіменстандағы алғашқы же энергиясының агрегатын орналастырады

Каспий теңізіндегі Қызылсу аралына Түркіменстандағы алғашқы же энергиясының агрегатын орналастырады

Алматы. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Түркіменстан президенті жанындағы Ғылым және техника жөніндегі Жоғарғы кеңестің "Күн" ғылыми-өндірістік бірлестігінің мамандары қайта қалпына келетін қуат көздерінің бір түрлендіргішінің тәжірибелік үлгісін - қуаты 5 кВт болатын жел қуатының агрегатын жасады. Ол Каспий теңізіндегі Қызылсу аралындағы мектепті электрмен қамтамасыз етуге арналған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Turkmenistan.ru ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ғылым мен техника жоғарғы кеңесінің хабарлауынша, жел қуатының агрегатын полигонда тексеру оң нәтиже берді. Оны құрамында Түркіменстанның Энергетика және өнеркісіп министрлігі мен "Күн" үкіметтік емес ұйымының өкілдері бар арнайы комиссия бекітті. Енді оны Қызылсу аралының ауа-райы жағдайында пайдалануға дайындау, тасымалдау және оны белгіленген орнына орнату қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны