Система Orphus

Каспий теңізіндегі судың деңгейі 2020 жылы 70-80 сантиметрге көтеріледі - Изербайжанның Экология министрлігі

23.07.2007, 18:17 153

БАКУ. 23 - шілде. Kazakhstan Today. Каспий теңізіндегі судың деңгейі 2015 - 2020 жылдары 70-80 сантиметрге көтеріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Изербайжанның Экология және табиғи ресурстар министрлігінің (ЭТРМ) ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

"Күн райы ахуалына сәйкес Каспий суы деңгейінің ауытқуына байланысты алдағы 5 -10 жылға болжам жасау өте қиын, және де ғылым саласы дамуының заманауи кезеңінде осы элементтер бойынша шынайы болжам жасау мерзімі 6 айдан аспайды. Климаттың аймақтық өзгеруіне негізделген болжамға сәйкес, 2015 - 2020 жылдары Каспий теңізіндегі судың деңгейі 70-80 сантиметрге көтеріледі, деп күтілуде",- деп айтылған хабарламада.

"Каспийдегі су деңгейінің ауытқуының себептерінің бірі оның Дүниежүзілік теңізбен байланысының болмауынан, осыған байланысты ол көбіне климаттық жағдайларға тәуелді",- деп атап көрсетілген ақпаратта.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Каспий теңізі суының деңгейіне жалпы 15 нысаннан, ал Каспийдің Изербайжандық секторында 7 нысаннан бақылау жүргізіледі.

"Каспий теңізіндегі судың деңгейі 1996 - 2000 жылдары аралығында 25 сантиметрге төмендеген, ал 2001 жылдан бастап қайта көтеріле бастаған. Теңіз деңгейі 2001 - 2005 жылдары 30 сантиметрге көтірелсе, ал 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 3 - 5 сантиметрге төмендеген. Каспийдегі су деңгейіне қатысты жылдық болжам әдістемесі оның су балансы элементтерінің нақты есептелуіне негізделген және де өзін 90 - 95 пайызға ақтайды. Бұл болжамға сәйкес, үстіміздегі жылдың аяғына дейін теңіздегі судың деңгейі 2006 жылмен салыстырғанда 3 - 5 сантиметрге көтеріледі",- деп көрсетілген хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны