21.07.2008, 19:01 2977

Каспий теңізіне бекіре тұқымдас балықтардың миллиондаған шабақтары жіберілді

Каспий теңізіне бекіре тұқымдас балықтардың миллиондаған шабақтары жіберілді

Атырау. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Атыраудағы бекіре тұқымдас балық өсіретін зауыт Каспий теңізіне бекіре тұқымдас балықтардың миллиондаған шабақтарын жіберді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Прикаспийская коммуна" газетіне сілтеме жасап.

"Каспий теңізіне екі миллионға жуық шоқыр шабақтары жіберілді. Ир шабақтың салмағы 3 грамм", - деп жазады басылым.

Биыл Атыраудағы бекіре тұқымдас балық өсіретін зауыт тоғандарынан теңізге "1 млн 300 мың ақсерке, 450 мың бекіре, 1,5 млн шоқыр шабақтары, сөйтіп, Каспий теңізіне жалпы бағалы балық тұқымдарының 7 млн шабағы жіберілді", - деп жазады басылым.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны