15.05.2006, 15:25 2840

Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде мұнай дағы түзілді

АТЫРАУ. 15-мамыр. Kazakhstan Today. Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде, Прибрежное кеніші маңында мұнай дағы түзілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облыстық табиғат қорғау прокуроры Батыр Жазбаевтың Kazakhstan Today агенттігіне хабарлауынша, экологиялық апат болған жерге ұшақпен инспекция жасау барысында мұнай дағының ұзындығы 1 шақырымға созылып жатқаны, оның ені 10-12 метрді құрайтыны анықталды.

Б.Жазбаевтың хабарлауынша, әзірге комиссия мұнайдың қай ұңғыдан шыққанын анықтаған жоқ. Өйткені, мұнай дағы бар маңайда су басып қалған 167 ұңғы бар. 16-мамырда оқиға орнына табиғат қорғау прокуратурасы мен бақылаушы мекемелер өкілдерінен құралған арнаулы топ келеді деп күтілуде. Олар ұңғының нақты орнын анықтауға талпынбақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Прибрежное кешенінде осы тектес төтенше оқиға екі жыл бұрын болған. Мұнай шығып жатқан ұңғы 2005-жылы бітелді. Жалпы Атырау облысы аумағында су астында қалған мыңдаған ұңғы бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны