23.05.2006, 11:38 3208

Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты жағалауында мамандар мұнай ағып жатқан ұңғыны бітеді

АСТАНА. 23-мамыр. Kazakhstan Today. Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты жағалауында мамандар мұнай ағып жатқан ұңғыны бітеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде, Прибрежное кеніші маңында ұзындығы 1 шақырым, 10-12 метрді құрайтын мұнай дағы түзілді. Мұнайдың қай ұңғыдан шыққаны бірден анықталған жоқ. Өйткені, мұнай дағы бар маңайда су басып қалған 167 ұңғы бар.

Сөйтіп мамандар артынан ұңғының нақты орнын анықтады. Мұнай Прибрежное кенішіндегі №1 ұңғыдан ағып жатқан болып шықты. Ұңғы табылғанға дейін дақтың ұзындығы 2,5 шақырымға жеткен.

«АтырауМұнайГазГеология» АҚ-ның күшімен ұңғы уақытша тығынмен тығындалды. “Апат болған жердегі тексерулер нәтижесінде жұмыс комиссиясы ұңғыдан бұдан кейін мұнай шықпағанын тіркеді”,- деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны