10.07.2015, 11:58 3189

Каспийде балық пен теӊіз жануарларын аулауға арналған браконьерлік құралдар табылды

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметініӊ "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасыныӊ шекарашылары Каспийде әскери кезекшілік кезінде балык және теӊіз жануарларын аулауға арналған бірқатар браконьерлік құралдарды тапты

Ақтау. 10 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметініӊ "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасыныӊ шекарашылары Каспийде әскери кезекшілік кезінде балык және теӊіз жануарларын аулауға арналған бірқатар браконьерлік құралдарды тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, "Ақтау" катерініӊ әскери қызметшілері 5000 метр колада, 2446 дана ірі қармақты анықтады.

"Сапсан" катерініӊ экипажы Қазақстан Республикасыныӊ теӊіз аумағынан ұзындығы 150 метр болатын тор, 1 дана винтельді алды.

Барлық деректер АЕК (Ақпаратты есептеу кітабы) тіркелді. Құқыққорғау органдары хабарландырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны