12.04.2007, 10:10 1791

Каспийде қырылған итбалықтардың саны 363-ке жетті

АСТАНА. 12-сәуір. Kazakhstan Today. Каспийде қырылған итбалықтардың саны 363-ке жетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"11-сәуірдегі 18 сағаттағы жағдаймен қырылған итбалықтардың жалпы саны 363 болды, соның ішінде 325 төл, 38 үлкен итбалық бар",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, наурыздың аяғында "Қаламқас" су қорғанысы бөгетінің маңында жағалауды аралаған кезде өлген 21 итбалықтың өлімтігі табылған. Содан бері олардың саны күн санап арта түсуде.

Алдын-ала мәлімет бойынша, Каспийде итбалықтардың жаппай қырылуына күн райының қолайсыздығы әсер еткен: қыстың жылы болуы Солтүстік-Шығыс Каспийдің басым бөлігінде мұз қатуына мүмкіндік бермеді. Осы жағдай итбалықтар күшіктейтін сәтте кері әсер еткен болуы мүмкін. Алайда, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі итбалықтардың қырылу себебіне қатысты ақырғы тұжырымды итбалықтардың өлексесі мен теңіз суының сынамаларына жасалған талдаулар қорытындысы бойынша беруді уәде етіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны