19.04.2007, 08:48 1413

Каспийде қырылған итбалықтардың саны 530-ға жетті

АҚТАУ. 19-сәуір. Kazakhstan Today. Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында Каспийдің жағалауында қырылған итбалықтардың саны арта түсуде. 18-сәуір күнгі 18 сағаттағы жағдаймен қырылған итбалықтардың саны 530-ға жетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Министрліктің хабарлауынша, қырылған итбалықтардың 461-і төлдер, 69-ы - ересек итбалықтар.

Қазіргі жағдаймен итбалықтардың қырылу себептері нақты анықталған жоқ. Алдын-ала мәліметке сәйкес, Солтүстік Каспий акваториясында мұз қабатының ерте еруі бір себеп болуы мүмкін, бұл жайт итбалықтар төлдейтін тұста олардың популяциясына әсер еткен сыңайлы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР білім және ғылым министрлігінің Ұлттық биотехнология орталығының биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институтында жүргізілген тексерулердің нәтижесінде жануарлардың өлімтігінен етқоректілер обасының вирусы табылған.

Өлген итбалықтардың алғашқы бөлігі 30-наурызда Қаламқас және Қаражанбас кеніштері маңындағы Қаламқас бөгетінің маңында табылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны