18.06.2015, 11:46 3749

Каспийде ҚР шекарашылары ескертуге құлақ аспаған Дағыстан браконьеріне оқ атты

Осы жылдыӊ 18 маусым күні Каспий теӊізінде, Қазақстан Республикасыныӊ су айдынында, теӊіз шекарашылары үш адамы бар браконьерлік қайықты байқайды (Баутин портынан 10 миль қашықтықта)

Астана. 18 Маусым. Kazakhstan Today - Осы жылдыӊ 18 маусым күні Каспий теӊізінде, Қазақстан Республикасыныӊ су айдынында, теӊіз шекарашылары үш адамы бар браконьерлік қайықты байқайды (Баутин портынан 10 миль қашықтықта), деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қайықты тоқтату туралы талапқа олар құлақ аспастан, Ресей Федерациясыныӊ аумағына қарай қашып құтылуға тырысты.

Шекарашылар оларды қуалау барысында ескерту оғын атып, одан кейін қайықты тоқтату мақсатында оныӊ қозғалтқышына қарай оқ атты.

Қару қолдану нәтижесінде, қайықтыӊ қозғалтқышы істен шығып, құқықбұзушылардыӊ біреуі жарақат алды, сөзіне қарағанда Ресей Федерациясы Дағыстан Республикасыныӊ азаматы екен.

Жарақат алған адам Ақтау қаласыныӊ ауруханасына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді, оныӊ қазіргі жағдайы қанағаттанарлық.

Ұсталған қайықтан бекіре тұқымдас балықтарды аулауға арналған 12 қап браконьерлік аулау құралдары, 4 бөшке жанармай және 3 ұялы телефон табылды.

Аталған дерек бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде, оқиға АЕЖ журналына (Ақпараттарды Есепке алу Журналы) тіркеліп, оған ҚР Қылмыстық кодексініӊ 392 бабыныӊ 1 бөлігі бойынша айып тағылды (Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік шекарасын қасақана кесіп өту).

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны