18.09.2015, 20:35 4374

Каспийде оқу-жаттығу барысында мерзімді қызметін өтеуші 4 сарбаз суға батып кетті - Қорғаныс министрлігі

ҚР Қорғаныс мминистрі Иманғали Тасмағамбетов ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясына арнайы топ құрып, оқиғаныӊ мән-жайы мен егжей-тегжейін толықтай анықтау үшін оқиға орнына жедел ұшып жетуге тапсырма берді.

Астана. 18 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қорғаныс министрлігінде алдын ала деректер бойынша, оқу-жаттығу барысында мерзімін өтеуші төрт сарбаз суға кеткен жазатайым оқиға жайлы хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгін, 18 қыркүйекте, Ақтауда "Орталық-2015" оқу-жаттығуыныӊ "Орталықазиялық стратегиялық бағытта әскер тобымен операция жүргізу" 2-ші кезеӊініӊ "теӊіз десантын түсіру және плацдармды бұғаттау" эпизоды барысында теӊізге 6 бірлік БТР-80 мен 52 әскери қызметші шықты. Теӊіз бойынша 150 метрді еӊсерген кезде қатты жел салдарынан толқын жоғары көтеріліп, 4 бірлік БТР-80 суға батып кетті. Екі бірлік техника өз күшімен жағалауға жетті. Алдын ала дерек бойынша, мерзімді қызметтіӊ 4 әскери қызметшісі суға кетті", - делінген хабарламада.

ҚР Қорғаныс мминистрі Иманғали Тасмағамбетов ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясына арнайы топ құрып, оқиғаныӊ мән-жайы мен егжей-тегжейін толықтай анықтау үшін оқиға орнына жедел ұшып жетуге тапсырма берді. Бұл жағдайды ҚР Қорғаныс министрі өз бақылауына алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны