07.04.2015, 16:49 4273

Каспийде паром кешені салынады

"Нұрлы жол" жаӊа экономикалық саясаты аясында Каспийдегі Құрық портында паром кешені салынады

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - "Нұрлы жол" жаӊа экономикалық саясаты аясында Каспийдегі Құрық портында паром кешені салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

Айта кету керек, 2014 жылдыӊ 1 қазанында Мемлекет басшысы Боржақты-Ерсай темір жол желісініӊ құрылысын бастауға рұқсат еткен болатын. Қазіргі таӊда жол құрылысы жоғары қарқынмен жалғасып жатыр. Темір жол телімі мен паром өткелі Қазақстанныӊ транзиттік әлеуетін Каспий теӊізініӊ басты бағытында дамытуға ықпал етеді.

- Мемлекет Басшысыныӊ тапсырмасымен Қазақстанныӊ іскерлік және логистикалық хабқа айналуы мен ғаламдық инфрақұрылымдық ықпалдастыққа кіру мақсатында "ҚТЖ" ҰК" АҚ елдіӊ көліктік-логистикалық жүйесін серпінді дамытуға кірісті, - дейді ҚТЖ басшысы Асқар Мамин, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Арқалық-Шұбаркөл, Жезқазған-Бейнеу пайдалануға беріліп, "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА дамыту арқылы ғаламдық инфрақұрылымдық ықпалдасу жүзеге асырылады. Қытайдан басталған Қазақстан арқылы Еуропа, Иран және Парсы шығанағына жаӊа логистикалық тізбек жүктерді жіберу өз кезегінде Каспий бойы аймағыныӊ көліктік инфрақұрылымдық дамуыныӊ талапқа сай болуын қажет етеді, - дейді ҚТЖ басшысы.

Құрық паром кешені вагондардан жүкті түсірмеген күйі Каспий аймағындағы елдерге және Еуропаға тасымалдауға мүмкіндік береді.

Құрылыстыӊ ашылу салтанатына ҚР Премьер министрініӊ бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Асқар Мамин, Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Алик Айдарбаев қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны