06.05.2013, 12:11 3336

Каспийде жоғалып кеткен үш ер адамның мәйіті табылды

Мәйіттерді жексенбі күні Кендірлі бұғазынан водолаздар алып шықты. Олар жағалаудан 1,5 шақырым жерде, 6 метр тереңдікте жатқан, деп хабарлайды облыстық ТЖД.

Ақтау. 6-мамыр. Kazakhstan Today - Каспийде жоғалып кеткен үш ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәйіттерді жексенбі күні Кендірлі бұғазынан водолаздар алып шықты. Олар жағалаудан 1,5 шақырым жерде, 6 метр тереңдікте жатқан, деп хабарлайды облыстық ТЖД.

"Олардың үшеуі де Жаңаөзен қаласының тұрғындары болатын", - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, 1-мамыр күні Каспийге шыққан моторлы қайық аударылып кетіп, үш адам із-түссіз жоғалған болатын. Ал, қайықтағы төртінші адам жағаға малтып шығып аман қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны