15.12.2015, 11:57 25674

Каспийдегі барконьерлік құралдар

Өткен тәулік ішінде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметініӊ "Жағалу күзеті" өӊірлік басқармасыныӊ теӊіз шекарашылары Каспий теӊізіндегі мемлекеттік шекараны күзету барысында 14500 метр браконьерлік ау, 10 000 метр калад (ілмектері бар арқан) кездестіріп, оларды жинап алды, сондай-ақ олардан 43 теӊіз жәндігін босатты

Астана. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Өткен тәулік ішінде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметініӊ "Жағалу күзеті" өӊірлік басқармасыныӊ теӊіз шекарашылары Каспий теӊізіндегі мемлекеттік шекараны күзету барысында 14500 метр браконьерлік ау, 10 000 метр калад (ілмектері бар арқан) кездестіріп, оларды жинап алды, сондай-ақ олардан 43 теӊіз жәндігін босатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, "Сақшы" катерініӊ шекарашылары 14-желтоқсан күні 12 сағат шамасында каспий теӊізініӊ бетінен 10 000 метр каладты жинап, одан 5000 дана ілмекті алды.

Осы күні 13 сағат 00 мин. шамасында "Атырау" катерініӊ шекарашылары теӊіз бетінен 500 метр ауды жинап алды.

Ал шекара катерлерініӊ ішінде еӊ олжалы болғаны "Жеӊіс" катері болды. Олар бір күн ішінде 14000 метр браконьерлік ауды жинап, одан 37 бекіре тұқымдас балықты, 5 итбалықты босатты.

Барлық деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны