09.10.2015, 09:55 4433

Каспийдегі іс-шара: ІІ кезеӊ қорытындылары

Осы жылдыӊ 22-қыркүйегінен бастап Каспий теӊізінде Біріккен жедел-сауықтыру іс-шарасыныӊ (БЖСІ-2015) ІІ кезеӊі басталып, оған Қазақстан мен Ресейдіӊ шекаралық ведомстволары белсенділікпен қатысуда

Астана. 09 Қазан. Kazakhstan Today - Осы жылдыӊ 22-қыркүйегінен бастап Каспий теӊізінде Біріккен жедел-сауықтыру іс-шарасыныӊ (БЖСІ-2015) ІІ кезеӊі басталып, оған Қазақстан мен Ресейдіӊ шекаралық ведомстволары белсенділікпен қатысуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шекара қызметініӊ "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасыныӊ әскери қызметшілері өткен 2 аптаныӊ ішінде 329 дана бекіре балығын, 1461 дана (10 тонна) бекіре тұқымдас балығын, 98450 метр тор (100 км жуық), 4050 метр қалад, 2300 дана ілмектер, 13 винтерді тәркіледі. Сондай-ақ, 26 жүзу құралы ұсталды, оныӊ ішінде "Касатка", "Казанка", "Баркас", "Прогресс", "Мотолодка", "Амур", "Бударка", "Кронштат" теплоходы типтес жүзу құралдары бар.

Біріккен іс-шаралар жалғасуда. Қазақстандық шекарашы-теӊізшілерге сәттілік пен табыс тілейміз. Теӊіз желі қашанда оӊынан соға берсін.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны