03.04.2007, 18:40 3624

Каспийдегі итбалықтардың қырылу себептерін тексеру үшін комиссия құрылды

АСТАНА. 3- сәуір. Kazakhstan Today. Каспийдегі итбалықтардың қырылу себептерін тексеру үшін комиссия құрылды, бұл туралы журналистерге Астанада үкімет отырысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов хабарлады.

"Комиссия ертең оқиға орнына ұшып барады. Мен итбалықтардың қырылу себебін жуырда айта аламыз деп ойлаймын",- деді министр.

"Бұл аймақта бірнеше қауіп бар - өздігінен мұнай төгіліп жатқан ұңғылар, жер қыртысының тектоникалық жарылуынан жер бетіне газдардың шығуы және барлау мақсатындағы бұрғылаулар",- деді ол.

"Бүгінде кімнің кінәлі екендігін айту ертерек, ол үшін әлі де екі апта қажет деп ойлаймын",- деп санайды Нұрлан Ысқақов.

31-наурыз бен 2-сәуір аралығында Мағыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында Қаламқас және Қаражанбас кеніштері аралығындағы аумақта 109 өлген итбалық табылған, олардың жартысынан астамы - төлдер.

Республиканың төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараттарына сүйенсек, 68 өлген итбалық жойылып, біреуі Маңғыстау облысының мал дәрігерлік-санитарлық сараптама бөліміне зертханалық зерттеуге жіберілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны