11.04.2007, 16:01 3724

Каспийдегі қырылған итбалықтардың саны 356-ға жетті

АСТАНА. 11 - сәуір. Kazakhstan Today. Каспийдегі қырылған итбалықтардың саны 356-ға жетті, деп хабарлады сәрсенбіде төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

"10-сәуірдегі 18 сағаттағы жағдаймен қырылған итбалықтардың жалпы саны 356-ға жетті",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, өлген итбалықтардың өліктері Каспий теңізінің жағалауынан бірінші рет наурыздың аяғында табылған болатын. Содан бері өлген итбалықтардың саны күн санап өсуде, олардың көбісі - төлдер. Теңіз жануарларының жаппай қырылуының себебін тексеру үшін арнайы комиссия құрылған болатын.

Алдын-ала берілген мәліметтер бойынша, Каспийдегі итбалықтардың жаппай қырылуы ауа райының қолайсыздығынан болған: қыстың өте жылы болуы Солтүстік-Шығыс Каспийдің басым бөлігінің бетіне мұздың қатуына мүмкіндік бермеген, бұл итбалықтардың күшіктеу кезінде келеңсіздік тудырады. Бірақ, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі итбалықтардың қырылуының себебі туралы нақты қорытындыны итбалық еттеріне жасалған зерттеулер мен теңіз суының сынамасынының қорытындысын алғаннан кейін ғана жария етуге уәде беріп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны