24.04.2007, 10:50 3311

Каспийдегі өлген итбалықтардың саны 605-ке жетті

АСТАНА. 24 - сәуір. Kazakhstan Today. Каспийдегі өлген итбалықтардың саны 605-ке жетті, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

"2007 жылдың 23-сәуірінің 18.00-дегі жағдаймен өлген итбалықтардың саны 605-ке жеткен, олардың 489 итбалықтардың төлдері, ал қалған 116-ы ересек итбалықтар",- деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, итбалықтардың өліктері бірінші рет Қаламқас және Қаражанбас кеніштерінің маңындағы Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауынан 30-наурызда табылған болатын. Теңіз жануарларының жаппай қырылуының себебін тексеру үшін арнайы комиссия құрылған болатын.

Итбалықтардың қырылу себебі әзірге анықталмай отыр. Алдын-ала берілген мәліметтер бойынша, Каспийдегі итбалықтардың жаппай қырылуы ауа райының қолайсыздығынан болған: қыстың өте жылы болуы Солтүстік-Шығыс Каспийдің басым бөлігінің бетіне мұздың қатуына мүмкіндік бермеген, бұл итбалықтардың күшіктеу кезінде келеңсіздік тудырады. Сонымен қатар, Биологиялық қауіпсіздік пробламаларын ғылыми-зерттеу институтының жүргізген зерттеулері жануарлардың өлігінен етқоректілердің оба қоздырғышын тапқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны