24.04.2007, 11:08 3298

Каспийдегі өлген итбалықтардың саны 661-ге жетті (толықтырылған нұсқа)

Өзгертулер ақпараттың бірінші абзацына және де өлген итбалықтардың санына қатысты енгізілген. Сонымен қатар, ақпараттың екінші абзацынан кейін облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы өкілдерінің сөздәйектері қосылған.

АСТАНА. 24 - сәуір. Kazakhstan Today. Каспийдегі өлген итбалықтардың саны 616-ға жетті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының орынбасары Марат Орынбасаров хабарлады.

"2007 жылдың 23-сәуірінің 18.00-дегі жағдаймен өлген итбалықтардың жалпы саны 661-ке жеткен, олардың 524 итбалықтардың төлдері, ал қалған 137-і ересек итбалықтар",- деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

"Өлген итбалықтардан алынған сынамаларды зерттеудің ақырғы нәтижесі шыққанша облыстық төтенше жағдайлар департаменті тірі итбалықтар шоғырланған жерде оларға бақылау жүргізу үшін арнайы жұмыс тобын құруда",- деп атап өтті М. Орынбасаров. "Қазір осы мақсаттарға қайықтар бөлу туралы келіссөздер жүргізілуде",- деп хабарлады ол.

Естеріңізге сала кетейік, итбалықтардың өліктері бірінші рет Қаламқас және Қаражанбас кеніштерінің маңындағы Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауынан 30-наурызда табылған болатын. Теңіз жануарларының жаппай қырылуының себебін тексеру үшін арнайы комиссия құрылған болатын.

Итбалықтардың қырылу себебі әзірге анықталмай отыр. Алдын-ала берілген мәліметтер бойынша, Каспийдегі итбалықтардың жаппай қырылуы ауа райының қолайсыздығынан болған: қыстың өте жылы болуы Солтүстік-Шығыс Каспийдің басым бөлігінің бетіне мұздың қатуына мүмкіндік бермеген, бұл итбалықтардың күшіктеу кезінде келеңсіздік тудырады. Сонымен қатар, Биологиялық қауіпсіздік пробламаларын ғылыми-зерттеу институтының жүргізген зерттеулері жануарлардың өлігінен етқоректілердің оба қоздырғышын тапқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны