12.12.2019, 15:18 7818

Каспий теңізі айлағында балық ресурстарын заңсыз алудың жолы кесілді

Ұсталғандардың қылмыстық әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 64 миллионнан артық сомаға зиян келтірілді, заңсыз айналымнан 139 килограмм бекіре тұқымдас балық пен 11 килограмм қара уылдырық алынды.

Алматы. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті 2019 жылғы қарашада балықтардың бекіре тұқымдарын оны одан әрі өткізу мақсатында аулау және уылдырық алу бойынша браконьерлік әрекет ұйымдастырған Атырау қ. жергілікті тұрғындар тобының құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесті.

Ұсталғандардың қылмыстық әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 64 миллионнан артық сомаға зиян келтірілді, заңсыз айналымнан 139 килограмм бекіре тұқымдас балық пен 11 килограмм қара уылдырық алынды.

ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-б. 1, 4-т.("Балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу")

339-бабы2-б. 2-т.("Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу")бойыншасотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны