10.07.2026, 13:32 46501

Каспий теңізінде терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Каспий теңізінде терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтіп жатыр
Сурет: Қорғаныс министрлігі
Каспий теңізінде Терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды штабтың баспасөз қызметі.

"Оқу-жаттығудың мақсаты Каспий теңізінің Солтүстік бөлігінде "Қашаған" кен-орны аймағындағы теңіз экономикалық объектілерінде терроризм актілерін тежеу үшін терроризмге қарсы операция жүргізуге қатысатын мемлекеттік органдардың арнайы бөлімшелерінің қайықтарын суға түсіру элементтері бар, террористік көріністерге шұғыл әрекет ету бойынша оқу іс-шарасын іс жүзінде пысықтау болып табылады", - делінген хабарламада.


Осыған байланысты, Штаб азаматтарды өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарап, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны