16.10.2015, 13:33 4284

Кассир қызды ұрған Қуаныш Тұракелдиевтіӊ ісі жабылды

Бұрынғы мансапты шенеуніктіӊ ұлы Қуаныш Тұракелдиевтіӊ ісі екі жақтыӊ келісімге келуіне байланысты тоқтатылды

Астана. 16 Қазан. Kazakhstan Today - Бұрынғы мансапты шенеуніктіӊ ұлы Қуаныш Тұракелдиевтіӊ ісі екі жақтыӊ келісімге келуіне байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы Астананыӊ ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Today.kz хабарлайды. Қыркүйекте ол Астана кинотеатрларыныӊ бірінде кассир қызға қол көтерген болатын, деп хабарлайды www.24.kz тілшісі.

"Астананыӊ ішкі істер департаменті хабарлайды, Қуаныш Тұракелдиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 68-бабы бойынша тоқтатылды (Тараптардыӊ келісімге келуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату)", - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Қуаныш Тұракелдиев Астана кинотеатрларыныӊ бірінде кассир қызды тепкені түсіп қалған ролик жарияланғаннан кейін 15 қыркүйек күні ұсталып, уақытша қамау абақтысына жабылған.

Зардап шеккен 21 жастағы Мерует Керімбердиева болып шықты.

Тұракелдиев - ҚР Премьер-министрі канцеляриясыныӊ бұрынғы бас инспекторы Болат Тұракелдиевтіӊ ұлы. Осы оқиғадан кейін әкесі отставкаға кеткен еді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны