03.02.2012, 16:29 3553

Қатты аязға байланысты Астананың энергокешендерінде қосалқы құрылғылар іске қосылды

Астанада минус 40 градусқа дейінгі аяздарға байланысты энергокешендердің жұмысы күшейтілген режімге көшіріліп, ЖЭО-1 мазут қазандықтары мен барлық қосалқы құрылғылар іске қосылды. Бұл жылу энергиясын өндіруді сағатына 1373 Г/кал-ға жеткізуге мүмкіндік берді.

Астана. 3-ақпан. Kazakhstan Today - Қатты аязға байланысты Астананың энергокешендерінде қосалқы құрылғылар іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Астанада минус 40 градусқа дейінгі аяздарға байланысты энергокешендердің жұмысы күшейтілген режімге көшіріліп, ЖЭО-1 мазут қазандықтары мен барлық қосалқы құрылғылар іске қосылды. Бұл жылу энергиясын өндіруді сағатына 1373 Г/кал-ға жеткізуге мүмкіндік берді.

Дегенмен, кешкілік уақыттарда қалада энергия тапшылығы сағатына 280 Г/кал-ды құрайды. Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қаланың басты қуат көзі болып табылатын ЖЭО-2-де өндірілетін электр энергиясының көлемі қазіргі таңда 360 МВт-ты құрайды. Онымен қоса, кешкі сағаттарда қала 150-200 МВт энергия тапшылығын сезеді. Оның орнын толтыру үшін жылу сыртқы энергия көздерінен сатып алынып, КЕГОК компаниясының желілері арқылы таратылуда.

Энергия ресурстарын өндіру көлемінің ұлғаюымен көмір мен мазутқа деген қажеттілік те артуда. Соңғы апталарда тәулігіне 9-10 мың тонна көмір мен 200 тонна мазут шығындалып отыр. Дегенмен, қалада энергия өндіру үшін шикізат тапшылығы жоқ. "Богатырь Аксес Көмір" ЖШС келісімшартқа сәйкес жылу беру маусымы басталғалы елорданың энергокешен кәсіпорындарына 500 мың тоннадан астам көмір жеткізді. 2 ақпандағы жағдай бойынша, жылу орталықтарында 170 мың тонна көлемінде көмір қоры бар. Бұл қаланың екі апталық қажеттілігін қамтамасыз етуге жетеді. Және ол үнемі толтырылып отырады. Сонымен бірге бүгінгі таңда мазуттың 5 мың тонна қоры бар.

Елорданы газбен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында газтолтыру стансысына қосымша 150 тонна пропан жеткізілді. "051" қызметіне түсетін жылу беру режимінде орын алған ақаулар, апаттар мен басқа да төтенше жағдайлар жөніндегі өтініштер мен хабарламаларды Штаб арнайы бақылауға алады. Үстіміздегі жылғы 20 қаңтардан бері тұрғын үй қорының тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің жұмысына қатысты қала тұрғындарының барлығы 800 өтініші бойынша шаралар жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны