19.01.2012, 11:58 3175

Қатты боранға байланысты кейбір республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды

2012 жылдың 18-қаңтары күні сағат 21.30 бастап қатты боран мен жолдың нашар көрінуі салдарынан Батыс Қазақстан облысының "Самара - Шымкент" автожолының (615-526 км); "Самара - Шымкент" автожолының Жымпиты - Ақтөбе облысының Қобда - шекарасы учаскесі (394-526 км) Оңтүстік Қазақстан облысының "Шаян-Шалақорған" сондай ақ, "Шолаққорған - Ащысай" жолдары автокөліктің барлық түрі үшін жабық.

Астана. 19-қаңтар. Kazakhstan Today - Қатты боранға байланысты кейбір республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2012 жылдың 18-қаңтары күні сағат 21.30 бастап қатты боран мен жолдың нашар көрінуі салдарынан Батыс Қазақстан облысының "Самара - Шымкент" автожолының (615-526 км); "Самара - Шымкент" автожолының Жымпиты - Ақтөбе облысының Қобда - шекарасы учаскесі (394-526 км) Оңтүстік Қазақстан облысының "Шаян-Шалақорған" сондай ақ, "Шолаққорған - Ащысай" жолдары автокөліктің барлық түрі үшін жабық.

Баспасөз қызметі Автомобиль жолдарында келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін ауа-райы жақсарғанша жол жүруден бас тартып, Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің хабарламаларына назар салуға шақырады.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің "Қазақавтожол" РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді, байланыс телефоны (7172) 444-777. Сонымен қатар, жолдар жөніндегі шұғыл ақпарат www.mtk.gov.kz, www.kad.gov.kz, www.kazavtodor.kz сайттарында жарияланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны