11.07.2016, 17:46 3992

"Қауіпсіз қала" акция шеӊберінде Шымкент қаласыныӊ аумағында полицейлер мыӊнан аса жол ережелерін бұзу жайтын анықтады.

2016 жылдыӊ 9-10 шілде демалыс күндері ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметініӊ полицейлері Шымкент қаласында қалыптасқан жедел жағдайды жақсарту, жол көлік оқиғаларын және олардыӊ салдарынан болатын ауыртпашылықты төмендету мақсатында "Қауіпсіз қала" жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді

Астана. 11 шілде. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 9-10 шілде демалыс күндері ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметініӊ полицейлері Шымкент қаласында қалыптасқан жедел жағдайды жақсарту, жол көлік оқиғаларын және олардыӊ салдарынан болатын ауыртпашылықты төмендету мақсатында "Қауіпсіз қала" жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қауіпсіз қала" жедел-профилактикалық іс-шарасына ОҚО ІІД ЖПҚ-ніӊ қызметкерлері, қоғамдық көмекшілер, көлік инспекциясыныӊ өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты. Полицейлер негізгі зейінді автокөлікті мас күйінде басқару, жылдамдықты арттыру, жаяу жүргінші өткелдері мен жол қиылыстарында маневрлер жасауда және тәртіп сақшыларына бағынбау және т.б. жайттарды анықтауға көӊіл бөлді.

Іс-шараныӊ 2-тәулігінде жол қозғалысы саласы бойынша жалпы 1033 құқықбұзушылық анықталды, оныӊ ішінде: 11- автокөлікті масаӊ күйде басқару, 222 -қауіпсіздік белдігін қолданбау, 194- ұялы телефон пайдалану,142- автокөлікті күнгірттеу, 88- жол белгілерініӊ талаптарын бұзу, 40-автокөліктерді құжатсыз басқару, 19- тиым салынған жерде тоқтау, 6- қарама-қарсы жолағына шығу, 127- жаяу жүргіншілермен ЖЖҚ бұзу, айыптұраққа жол қозғалысы ережелерін бұзған 70- автокөлік қойылды. ОҚО ІІД ЖПҚ ЖППП қызметкерлерініӊ қатысуымен 2 күндік рейд іс-шарасы барысында 4 қылмыс ашылды (бұзақылық -2, ұрлық және тонау жайттері.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны