14.07.2015, 12:12 3586

Қауіпсіздік белдігін тақпай, автокөлік басқарған 66 жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданылды

Жол қозғалысы ережелерініӊ талаптарын бұзу деректерін анықтау, қауіпсіздік белдіктерін тақпай автокөлікті басқарған жүргізушілерге шара көру мақсатында Икімшілік полиция басқармасыныӊ жол патрульдік полиция ботальон инспекторлары мен бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ қатысуымен рейдтік шара ұйымдастырылды

Астана. 14 Шілде. Kazakhstan Today - Жол қозғалысы ережелерініӊ талаптарын бұзу деректерін анықтау, қауіпсіздік белдіктерін тақпай автокөлікті басқарған жүргізушілерге шара көру мақсатында Икімшілік полиция басқармасыныӊ жол патрульдік полиция ботальон инспекторлары мен бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ қатысуымен рейдтік шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Шара барысында облыс орталығында ҚР ИҚБтК-ніӊ 593-бабыныӊ 1-бөлігіне сәйкес автокөлікті қауіпсіздік белдіктерін тақпай басқарған 66 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Атап айтқанда, шілде айыныӊ 08 күні кешкі сағат 17.15 шамасында қала орталығындағы Желтоқсан көшесі бойында "Ланд Крузер Прадо" маркалы автокөлігініӊ жүргізушісі тоқтатылды. Аталған жүргізушіге қатысты ҚР ИҚБтК-ніӊ 593-бабыныӊ 1-бөлігіне сәйкес қауіпсіздік белдігін тақпай басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, алдағы уақытта қауіпсіздік белдігін тағып, жол қозғалысы ережелерін сақтап жүру керектігі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны