05.06.2006, 13:37 3068

Қауіпсіздік мақсатында Шымкенттегі хайуанаттар бағына жеткізілген бұхараның бес бұғысы питомникке жіберілді

ШЫМКЕНТ. 5-маусым. Kazakhstan Today. Қауіпсіздік мақсатында Шымкенттегі хайуанаттар бағына жеткізілген бұхараның бес бұғысы питомникке жіберілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне хайуанаттар бағының ғылыми бөлімінің меңгерушісі Латиф Илиев хабарлады.

Оның айтуынша, бұғылар былтыр тасқын қаупіне байланысты питомник аумағынан хайуанаттар бағына жеткізілген.

Барлығы 12 хайуан жеткізілуге тиіс болған. Алайда олардың жетеуін ұстау мүмкін болмай отыр. “Жануарларды ұйықтататын оқтармен атқан. Ийтсе де жетеуі атқаннан кейін ұйықтамай қойған. Қайтадан ондай оқпен ату хайуанаттар үшін зиянды. Мұндай процедура 5-6 айда бір рет қана жүргізілуге тиіс”, деді Л.Илиев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2001-жылы тағы табиғатты қорғау жөніндегі Халықаралық қордың көмегімен бұхараның бұғыларының санын арттыру жұмыстары қолға алынған болатын. Осыған байланысты жасақталған Түркістан питомнигіне алты бұғы жеткізіліп, олар жаңа популяцияның негізін қалады. 2005-жылы олардың саны 9 басқа жеткен. Алайда, Сырдариядағы қысқы су тасқыны питомникке қауіп төндіргендіктен, бұғылар Шымкенттегі хайуанаттар бағына жеткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны