29.04.2016, 11:58 4652

Қауіпті жылдамдық

Қашып құтылмақ болған браконьерлердіӊ шағын жүзу құралдары аударылып қалды. Жүзу құралыныӊ үстінде болған екі азамат құтқарылды, ал үшіншісі іздестірілу үстінде

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Қашып құтылмақ болған браконьерлердіӊ шағын жүзу құралдары аударылып қалды. Жүзу құралыныӊ үстінде болған екі азамат құтқарылды, ал үшіншісі іздестірілу үстінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Түнгі сағат 03 сағат 19 минут шамасында "Қарағанды" кемесініӊ командиріне спутниктік байланыс арқылы ақпарат келіп түседі, ол бойынша шағын көлемдегі ешқандай айырмалық белгісі жоқ жүзу құралыныӊ теӊіз бетінде жүргендігі айтылады. Берілген сигналдарға жауап бермейді.

Оныӊ үстіне жүзу құралы қашып құтылуға тырысады. Қатты жылдамдықпен зымыраған жүзу құралы келесі бір сәтте аударылып түседі. Шекара кемесініӊ шекарашылары аударылған қайықтан Қазақстан Республикасыныӊ екі азаматын құтқарып алады. Олардыӊ сөздеріне қарағанда қайықта барлығы үш адам болған екен. Үщінші адам іздестірілу үстінде.

Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Іздестіру шараларына қосымша кемелер мен авиация тартылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны