07.06.2016, 14:48 3410

Қаза тапқан ақтөбеліктердіӊ есімдері белгілі болды

Ақтөбеде 5 маусымда лаӊкестік салдарынан қаза тапқан 7 адам - бейбіт тұрғындар мен әскери қызметшілердіӊ есімдері белгілі болды

Астана. 7 маусым. Kazakhstan Today - Ақтөбеде 5 маусымда лаӊкестік салдарынан қаза тапқан 7 адам - бейбіт тұрғындар мен әскери қызметшілердіӊ есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысыныӊ орынбасары Ернұр Бұраханныӊ айтуынша, қаза тапқандар:

- "Паллада" дүкенініӊ сатушысы Андрей Владимирович Максименко 1978 жылы туған.

- Зейнеткер Николай Алексеевич Онищенко 1947 жылы туылған ("Паллада" маӊынан өтіп бара жатқан).

- "Күзет" қызметініӊ қызметкері Мерхан Есенбайұлы Тәжібаев 1983 жылы туған.

- "Пантера" дүкеніне келуші Михаил Витальевич Матросов 1981 жылы туған.

- Искери қызметші Сапар Досбол Еркінбекұлы ОҚО тумасы, 1997 жылы туған,

- Искери қызметші Майлыбаев Даниэль Ақарысұлы, алматылық, 1975 жылы туған.

- Искери қызметші Қалиев Берік Ерланұлы, оралдық, 1978 жылы туған. ?аза тап?ан а?т?беліктерді? есімдері белгілі болды

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны