22.12.2006, 18:20 2894

Қаза тапқан кеншілердің жесірлері "Миттал Стил Теміртауды" сотқа берді

ҚАРАҒАНДЫ. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today. Ленин атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің жесірлері "Миттал Стил Теміртау" АҚ-ның көмір департаментін сотқа берді деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне жесірлердің мүддесін қорғап жүрген адвокат Евгений Танков.

"Ийелдер моральдық шығынның қайтарылуын талап етеді және оны 7 млн. теңгеге (әрқайсысы) бағалап отыр", - деді адвокат.

Е. Танковтың сөзіне сүйенсек, әзірге 17 жесір ғана шағым жазған, "бірақ, олардың саны әлі де көбеюі мүмкін". Сонымен қатар, адвокат шағым-талаптардың екі топқа бөлінетінін айтып өтті. "Біреуі 15 жесірден, ал екіншісі екі жесірдің арыздарынан тұрады, яғни Қыздарбекова мен Кныш. Олар өз күйеулерін екі рет жерлеуге мәжбүр болды", - деді құқық қорғаушы.

"Сотта істің келесі жылдың қаңтар айынан бастап қаралатындығы айтылды", - деді ол.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2006 жылдың 20 қыркүйегінде Ленин атындағы шахтадағы жарылыс салдарынан 41 кенші қаза болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны