27.01.2015, 20:30 3690

"ҚазАгро" егін жұмыстарын қаржыландыруға Екінші деӊгейлі банктерден өтінімдерді қабылдауды бастады

"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі 2015 жылғы көткмегі егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізуге республиканыӊ ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру мақсатында екінші деӊгейлі банктерден өтінімдерді қабылдауды басталғанын хабарлайды

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі 2015 жылғы көткмегі егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізуге республиканыӊ ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру мақсатында екінші деӊгейлі банктерден өтінімдерді қабылдауды басталғанын хабарлайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өтінімдерді қабылдау хабарландыруды жариялаған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ағымында жүзеге асырылады.

Бюджеттік несиені алу сұрақтары бойынша "ҚазАгро" Ұлттық холдингініӊ Инвестициялық жобалар және несиелік әдіснама департаментіне хабарласу керек (тел: (7172) 705-643 ішкі: 1150; 1154; e-mail: [email protected]; [email protected]; [email protected]).

Еске салайық, агроөндірістік кешен субъектілерін қолдау бойынша шараларды жүргізуге "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингіне 60 млрд.теӊге көлемінде бюджеттік несие бөлінуі жоспарлануда.

2014 жылы егін жұмыстарын қолдауға ЕДБ -ге 20 млрд.теӊге көлемінде қаражат бөлінген, олардыӊ игерілуі мен қайтарылуы 100%-ды құрады.

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны