15.04.2011, 14:30 3651

"ҚазАгро" холдингінің басқарма төрағасы тағайындалды

"ҚазАгро" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 15 - сәуір. Kazakhstan Today - "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков бүгін "ҚазАгро" Ұлттық бақару холдингі" АҚ-ның жаңа басқарма төрағасы Берік Бейсенғалиевті таныстырды.

Б.Бейсенғалиев бұрын холдинг басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған, деп хабарлайды ҚазАгроның баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы министрі атап өткендей, холдинг алдында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді қайта жаңғыртудың үлкен міндеті тұр.

Өз кезегінде Б.Бейсенғалиев республиканың жоғарғы басшылығына сенім білдіргені үшін алғыс айтып, Холдинг алдындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайтындығын мәлім етті.

Б.Бейсенғалиев 1966 жылы Торғай ауданында дүниеге келген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "экономист" мамандығы бойынша өте жақсыға бітірген, кейін "заңгер" мамандығы бойынша екінші жоғарғы білім алды. Ир жылдары Қазақстан мен ТМД-ның банк саласының басқару қызметтерінде жұмыс істеген ("Қазкоммерцбанк" АҚ, "БанкТұранИлем" АҚ, "АТФ Банк" АҚ). Экономика ғылымдарының кандидаты. Бірқатар ғылыми мақалалардың авторы. Мемлекеттік марапаттары бар.

Фото: kazpravda.kz.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны