30.10.2017, 16:36 4368

Қазақ анимациясыныӊ 50 жылдығына арналған байқау мәресіне жетті

27 қазанда Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында қазақ анимациялық киносыныӊ 50 жылдығына арналған байқаудыӊ қорытындысы шығып, жеӊімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

Алматы. 30 қазан. Kazakhstan Today - 27 қазанда Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында қазақ анимациялық киносыныӊ 50 жылдығына арналған байқаудыӊ қорытындысы шығып, жеӊімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

"Меніӊ сүйікті мультфильмім" атты республикалық шығармашылық байқауын Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы және "Жас өркен" серіктестігіне кіретін "Ұлан", "Дружные ребята" газеттері мен "Балдырған", "Ақ желкен" журналдары бірлесе өткізді.

Бірнеше айға созылған байқауға Қазақстанныӊ барлық аймағынан мектеп қабырғасындағы оқушылар қатысты. Байқау ережесіне сәйкес ұсынылған суреттер қазақ анимациялық фильмдеріне, қазақ ертегілері, аӊыз-әӊгімелеріне негізделіп салынуы тиіс және жанр бойынша еркіндік берілген болатын.

o Қазылар алқасыныӊ шешімімен байқаудыӊ гран-при иегері - "Мақтаншақ қыз" мультфильмініӊ желісі бойынша сурет салған Өскемен қаласы, №24 орта мектептіӊ 4Г сынып оқушысы Болатов Саид атанды.

o "Меніӊ сүйікті мультфильмім" номинациясында бірінші орын - "Оттан жаралғандар" мультфильмініӊ желісі бойынша сурет салған Алматы қаласы, №12 мамандандырылған гимназияныӊ 1В сынып оқушысы Нұрғали Лилиге берілді.

o Ал "Меніӊ қиялымдағы кейіпкер" аталымында күн астындағы Күнікей қыз, Алдар көсе және Шойынқұлақтыӊ бейнелерін салғаны үшін Алматы қаласы, №177 орта мектептіӊ оқушысы Байзақ Айша бірінші орын иегері атанды.

- Бұндай байқауларды көптеп өткізу керек, өйткені сурет салу балалардыӊ ой өрісін кеӊейтеді. Балалардыӊ шығармашыққа бейім болуына жағдай жасау керек. Осындай байқаулар қазақ балаларыныӊ қазақ мультфильмдерін көруге қызығушылығын арттырады. Баланыӊ бәрі де шығармашыл, бәрі де тұнып тұрған талант. Оларды әрдайым сурет салуға ынталандырып отыру керек, - деді Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ "Анимациялық кино" бірлестігініӊ жетекшісі Жәкен Дәненов.

- Қазақ анимациясыныӊ елу жылдығын атап өту өте маӊызды шара. Осы орайда, біз балалар мен жас өспірімдер басылымында мультфильмдер қалай түсірілетіні туралы түрлі сұқбаттар мен мақалалар жарияладық. Қазір мультфильм түсірудіӊ мүмкіншілігі көбейді. Сұраныс та көп. Бірақ бәсекелестік жағынан келгенде, ұсыныс одан да асып түседі деуге болады. Исіресе, біздіӊ балаларымыз бояуы қанық, түсірілген оқиғалары ширақ, жаӊа технологиямен түсірілген шетелдіӊ көп мультфильмдеріне көп қызыға бастады. Тіпті біздіӊ мультфильмдеріміз ұмыт қала жаздаған да жағдайлар болды. Бірақ, соӊғы жылдары әсіресе, тарихи тақырыптарға біраз мультфильмдер түсірілді. Оныӊ насихаты да жасалды. Соныӊ арқасында қазақ мультфильмі қайтадан өзініӊ орнына келе бастады, - деді "Жас өркен" ЖШС бас директоры Жүсіпбек Қорғасбек.

Сонымен қатар, қазылар алқасы байқауға қатысқан үш сурет авторын ынталандыру жүлделерімен марапаттауды жөн деп тапты. Олар:

o ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Балалар өнер мектебініӊ 1 сынып оқушысы Мұратхан Жігер;

o ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Балалар өнер мектебініӊ оқушысы Дулатқызы Айым;

o Алматы облысы, Кемертоған атындағы орта мектептіӊ 1К сынып оқушысы Ибілқасым Назерке.

Жеӊімпаздарға қазақ анимациясыныӊ үздік туындылары жазылған DVD дискілер, "Ұлан" газетініӊ бір жылдық жазылымы, планшеттер және естелік сыйлықтар берілді.

Байқаудыӊ қазылар алқасы қазақ анимациясыныӊ белді өкілдерінен құралған. Олар еліміздіӊ танымал мультипликаторлары: Рамиль Усманов, Тамара Мұқанова, Любовь Радионова, Адай Ибілда және кинодраматург, "Қазақфильм" АҚ "Анимациялық кино" бірлестігініӊ редакторы Салтанат Дүнгенбаевалар қазылық етті. Қазылар алқасы төрағасы мультипликатор, суретші, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ "Анимациялық кино" бірлестігініӊ жетекшісі Жәкен Дәненов. Марапаттау соӊында қазылар алқасы байқауға қатысқан барлық қатысушыларға және сурет өнеріне баулып жүрген ата-аналарына алғыс айтты:

- Өте жақсы байқау. Тек ауқымын кеӊейту қажет сияқты. Және де тағы да өткізу қажет. Бұл байқауды жылда өткізіп отырсақ, кейіннен балалардыӊ қолынан шыққан мультфильмдер байқауын да өткізуімізге болады. Еліміздіӊ аймақтарында балалардыӊ өздері жасап шыққан мультфильмдер бар. Міне, солардыӊ басын қосып, фестиваль өткізсек, қазақ анимациясыныӊ дамуына үлес қосар едік, - деді Рамиль Усманов.

- Бүгінгі балалар қазақ мультфильмдерін көретіндері таӊғалдырды. Өйткені, біздіӊ түсірген мультфильмдерімізді көп көрсетпейді. Байқауға жіберілген кейбір суреттердіӊ ерекшелігі сондай, тіпті үйіӊе іліп қойғыӊ келеді. Көбінде шетелдік туындыларды көрсететін телеарналар осы байқаудан соӊ, отандық мультфильмдерді көптеп көрсетеді деген үмітім бар, - деді Любовь Радионова.

- Осындай байқаудыӊ өткізілгеніне қатты қуандым. Жұмыстардыӊ арасында жоғары деӊгейлі жұмыстар да бар. Сурет өнерінде бір заӊдылық бар: сурет салған баланыӊ жасы неғұрлым кішкентай болса, оныӊ жұмысы соғұрлым қызықты. Алты мен жеті жас аралығындағы балалардыӊ салған суреті әсерлі болады. Мәселен, алты жасар бір бала "Оттан жаралғандар" атты мультфильмін примитивизм стилінде салған екен. Ол бала орындау ерекшелігімен біздіӊ көзімізге түсті, - деді Тамара Мұқанова.

- Өскелеӊ ұрпақтыӊ арасынан осындай дарынды балалардыӊ шығып келе жатқанына қуаныштымын. Осындай байқаулар көптеп өткізілсе деген тілегім бар. Бұндай байқаулар қазақ анимациясыныӊ дамуына септігін тигізеді деп есептеймін, - деді Адай Ибілда.

- Балалардыӊ қиялында шек жоқ. Бұған мен тағы да көз жеткіздім. Байқаудағы жұмыстарды көріп отырып, біз білетін сюжеттерді біздіӊ қиялымызға кірмейтін ракурстан беруі таӊғалдырды. Біз білетін мультфильмдердіӊ сюжеттерін жаӊаша көзқараспен салған. Олар біздіӊ қиялымызға қанат бітірді десем артық айтпаған болар ем. Сол үшін де балалардыӊ барлығына мыӊ алғыс, - деп қорытындылады "Қазақфильм" АҚ "Анимациялық кино" бірлестігініӊ редакторы Салтанат Дүнгенбаева.

Естеріӊізге сала кетейік, байқауға жіберілген барлық суреттер "Жас өркен"(zhasorken.kz) порталына шығады. Ал жеӊімпаздардыӊ жұмыстары "Ақ желкен", "Балдырған" журналдарында және "Ұлан" мен "Дружные ребята" газеттерінде жарияланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны