20.02.2017, 19:19 4860

"Қазақ Елі" анимациялық фильмі Каир қаласында өткен фестивальде үш жүлдеге ие болды

Сонымен қатар, картинаныӊ композиторы Руслан Шынықұлов және фильмніӊ әуенін жазуға қатысқан музыкант Жанболат Иділов құрмет дипломдарымен марапатталды.

Алматы. 20 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақ Елі" анимациялық фильмі Каир қаласында өтіп жатқан оныншы Халықаралық анимациялық фильмдердіӊ форумына қатысып "Еӊ үздік толықметражды фильм" жүлдесіне ие болды,- деп хабарлайды "Қазақфильм" АҚ.

Сонымен қатар, картинаныӊ композиторы Руслан Шынықұлов және фильмніӊ әуенін жазуға қатысқан музыкант Жанболат Иділов құрмет дипломдарымен марапатталды. Айта кететін жайт, анимациялық кинотуындыныӊ халықаралық кинофестивальдерде көрсетіліп, кеӊінен насихатталу жұмыстарын Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жүзеге асырады.

Естеріӊізге сала кетсек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша "САҚ-дала" ЖШС түсірген "Қазақ елі" анимациялық фильмі өткен жылы мамыр айында көпшілік назарына ұсынылып, кинотеатрлардан көрсетілген болатын. Жасалуында 2D және 3D-технологиялар пайдаланылған аталмыш туынды болашақ хандар - Жәнібек пен Керейдіӊ балалық шағы мен есею жылдары туралы баяндайды. Фильмніӊ жарыққа шығуына атсалысқандар қатарында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, тарих ғылымдарыныӊ докторы Жамбыл Артықбай және белгілі жазушы Дулат Исабеков те бар. Картинаныӊ режиссері - Батырхан Дәуренбеков.

- Фильм шетелде көрсетіліп, жоғарғы бағасын алып жатқанына өте қуаныштымын. Осындай жеӊістер алдағы күнге деген сеніміӊді арттырып, жаӊа белестерді бағындыруға шабыт береді. Фильмніӊ түсіру тобын осы жеӊіспен құттықтаймын,-деді фильмніӊ режиссері Батырхан Дәуренбеков.

Халықаралық анимациялық форумы жыл сайын Мысыр астанасы Каир қаласында ақпан айында өтеді. Фестивальдіӊ ұйымдастырушылары - Мысырдыӊ мәдениет даму қоры және анимация қауымдастығы. Байқаудыӊ басты мақсаты - анимациялық фильмдерді қолдау, тәжірибе алмасу және жас режиссерлардыӊ көркем және техникалық білімдерін арттыру.

Биыл форум шеӊберінде Германия, Швейцария, АҚШ, Қытай, Ресей, Австралия, Қазақстан, Франция, Сингапур, Словакия, Австрия, БАИ, Оӊтүстік Корея сынды басқа да елдерден келіп түскен 90-нан астам қысқаметражды және толықметражды фильмдер ұсынылған. Толықметражды анимациялық фильмдерге баға беріп, еӊ үздігін анықтаған қазылар алқасыныӊ құрамына Аббас Ил Аббас (төраға), Тарек Рашад және Сами Рафи кірді.

Фильм туралы: Дешті Қыпшақтыӊ ұлы даласына қауіп төнеді. Ибілқайыр хан қауесет сөздіӊ жетегіне еріп, Керей мен Жәнібек сұлтандарды өзініӊ басты қарсыласы, хан тағына таласқан бақталас ретінде көреді. Алайда қарт баһадүрден тәлім алған, шайқастыӊ айла-тәсілін меӊгерген сұлтандар қауіп - қатерді еӊсеруді үйренеді. Шешуші ұрыста Керей мен Жәнібек жауларын жеӊіп, артынан нөпір халықты ертіп қазақ хандығыныӊ негізін салады.

Фильмді шығарған: "САҚ-Дала" кинокомпаниясы

Режиссёрі: Батырхан Дәуренбеков

Сценарий авторлары: Сағаділдә Үсіпбалиев, Бақытжан Кұлжабай.

Қоюшы суретшісі: Азамат Ерназаров

Продюсері: Сәбит Ибдіқалықов

Композиторы: Руслан Шынықұлов

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны