17.04.2018, 19:27 3889

"Қазақ елі" кинотуындысыныӊ екінші маусымы Оӊтүстік Қазақстан облысында түсіріледі

Оӊтүстік - қазақ тариxыныӊ негізгі кезеӊі өткен ерекше өлке. Елбасыныӊ бастамасындағы Руxани жаӊғыруда да өӊірдегі тариxи орындардыӊ өзіндік орны зор. Түркістан, Ордабасы, Қазығұрт, Сайрам, Сауран, Отырар, Мәртөбе сынды қасиетті орындардыӊ барлығында да ұлт тағдырын қалыптастырған айтулы оқиғалар өтті.

Шымкент. 17 сәуір. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі ЖансейітТүймебаев "Қазақ елі" көпсериялы тарихи-драмалық телевизиялық сериалыныӊ түсірілім тобымен кездесті. Басқосуға туындыныӊ қоюшы-режиссері Рүстем Ибрашов, бас продюсер Арман Асенов бастаған шығармашылық топ қатысты. Фильмніӊ қоюшы-режиссері Рүстем Жарасқанұлы кездесу барысында тарихи шығарманыӊ өӊірдегі түсіріліміне қолдау көрсету қажеттігін жеткізді.

Өӊір басшысы тарихи сериалдыӊ ұрпақ тәрбиесіндегі маӊыздылығы мен қазақ тарихындағы Оӊтүстік өӊірініӊ тарихи мәніне тоқталды.

"Оӊтүстік - қазақ тариxыныӊ негізгі кезеӊі өткен ерекше өлке. Елбасыныӊ бастамасындағы Руxани жаӊғыруда да өӊірдегі тариxи орындардыӊ өзіндік орны зор. Түркістан, Ордабасы, Қазығұрт, Сайрам, Сауран, Отырар, Мәртөбе сынды қасиетті орындардыӊ барлығында да ұлт тағдырын қалыптастырған айтулы оқиғалар өтті. Кино - тәрбие құралы. Осындай тарихи дүниелер арқылы біз болашақ ұрпақтыӊ бойына отаншылдық, ерлік, намысқойлық сынды асыл қасиеттерді сіӊіреміз. Сондықтан да үлкен үміт күткен тариxи фильмді Оӊтүстікте түсірулеріӊіз өте орынды, қолдаймыз. Дегенмен киноға осы өӊірдіӊ талантты әртістерін де көргіміз келеді. Мұнда кәсіби деӊгейдегі өнер адамдары жеткілікті. Аталған фильмге жергілікті әртістерді қатыстыруды ұсынамын", - деді Ж.Түймебаев.

Фильмді Елбасыныӊ "Мәӊгілік ел" бағдарламасына сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша "Қазақфильм" АҚ таспалауда. "Қазақ елі" көпсериялы тарихи-драмалық телевизиялық сериалыныӊ алғашқы маусымы "Алмас қылыш" деп аталса, ІІ-маусымы "Алтын тақ" деген атаумен түсіріледі. Туындыныӊ Оӊтүстіктегі түсірілімі ағымдағы жылдыӊ 25 сәуірінен 4 шілдесіне дейін жалғасады. Түлкібас, Төле би аудандары мен Арыс, Ақсу өзендерініӊ бойында және Түркістан қаласындағы "Изірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында "Керей ханныӊ ауылы", "Хан ордасы" сынды декорациялар жасалынады.

Жиынды қорытқан аймақ басшысы киіз үйлер, ат, көне декорациялар, медициналық және қауіпсіздік қолдау сынды көмектіӊ барлығы жасалынатынын жеткізді. Тиісті сала, мекеме басшыларына тапсырма берді.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны