26.10.2009, 17:58 3025

Қазақ халқы өзіне жүктелген аса маңызды жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан халқының берік өзегіне айналу жөніндегі тарихи миссияны абыроймен атқарып шығады деп сенемін - Президент

Қазақ халқы өзіне жүктелген аса маңызды жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан халқының берік өзегіне айналу жөніндегі тарихи миссияны абыроймен атқарып шығады деп сенемін - Президент

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Қазақ халқы өзіне жүктелген аса маңызды жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан халқының берік өзегіне, сенімді діңгегіне айналу жөніндегі тарихи миссияны абыроймен атқарып шығады деп сенемін. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы 15-ші сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ұлыстың ұйытқысы болған қымбатты қандастарым, қадірлі қазақ бауырларым! Бүгінде дүниежүзінде 200-ге таяу мемлекет бар. Ал 3 мыңға жуық этностың өзіндік ұлттық мемлекеті жоқ. Біз ата-бабаларымыздың аңсар-арманына қол жеткізіп, мыңжылдықтың түйіскен тоғысында тәуелсіз мемлекет құрдық",- деді Елбасы.

"Біз, қазақтар, араға ғасырлар салып өз жерімізде алғаш рет еркін тыныстап, еңсе тіктедік. Қазақ тілі өркен жайып, балаларымыз ана тілінде тәрбие алуда. Тағдырдың жазуымен, тарихтың талқысымен қазақ жерін паналаған түрлі этнос өкілдерімен бірге ортақ Отанымызды көркейту жолында аянбай тер төгудеміз. Олар біздің қиын кезеңде, сын сағатта көрсеткен қамқорлығымызға риясыз алғыс айтады",- деді ол.

Президенттің пікірінше, "Дәуір алмасып, заман өзгерді. Қазір байырғы қазақ жерінде жаңа азаматтық қоғам қалыптасуда. ХХІ ғасырда қазақтар мемлекет құраушы ұлт ретінде жаңа белеске көтеріліп, Қазақстан халқының берік өзегіне, сенімді діңгегіне айналуда".

"Қазақ халқы өзіне жүктелген аса маңызды жауапкершілікті сезіне отырып, бұл тарихи миссияны абыроймен атқарып шығады деп сенемін",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны