18.06.2018, 22:12 4305

"Қазақ хандығы. Алтын тақ" атты ауқымды жобасы екінші маусымыныӊ түсірілімдері Түркістан қаласындағы "Изірет Сүлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде жүріп жатыр

Екінші маусымныӊ оқиға желісі Жәнібек пен Керей хандардыӊ Ибілқайыр Шайбани ұрпақтарымен Қазақ хандығыныӊ Сығанақтағы тағы үшін таласы айналасында өрбиді. Бұл қазақ хандығындағы еӊ бір күрделі кезеӊдернііӊ бірі.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan Today - "Қазақ хандығы. Алтын тақ" атты ауқымды жобасы екінші маусымыныӊ түсірілімдері Оӊтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы "Изірет Сүлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде жүріп жатыр.

"Қуанышымызға орай, Түркістандағы түсірілімдер қасиетті Ораза айт мейрамына сәйкес келді. Түсірілім алаӊы ретінде Түркістанды әдейі таӊдап отырмыз. Өйткені Түркістан Қазақстанныӊ еӊ көне қалаларыныӊ бірі және дерекнамасында халқымыздыӊ бай тарихы жатыр. Сол себептен де бұл қаланыӊ бейнесі біздіӊ картинамызда қалуы керек" - деді фильмніӊ режиссері Рүстем Ибдірашов.

Екінші маусымныӊ оқиға желісі Жәнібек пен Керей хандардыӊ Ибілқайыр Шайбани ұрпақтарымен Қазақ хандығыныӊ Сығанақтағы тағы үшін таласы айналасында өрбиді. Бұл қазақ хандығындағы еӊ бір күрделі кезеӊдернііӊ бірі.

"Жәнібекті хан көтеру салтанатын Түркістанныӊ маӊында түсіреміз. Дәл осы Түркістан біз түсіріп жатқан тарихи кезеӊдердіӊ шынайы куәгері. Өкінішке қарай, қазақ кинематографында Шәкен Айманов түсірген "Алдар көседен" басқа ешқандай фильмде Түркістан қаласы көрсетілмеген екен. Түркістаннан соӊ Тараздағы Қарахан мен Айша бибі кесенесін де түсіреміз" - деді бас продюсер Арман Асенов.

Естеріӊізге сала кетейік, тарихи киноныӊ түсірілімдері Алматы облысында мамырдыӊ басында басталған. Кейінірек түсірілім тобы Оӊтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданындағы "Иір су" жайлауында көлемді ұрыс сахналарын түсірген.

Көп сериялы фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша "Centaurus Rustem Abdrashev production" ЖШС-ніӊ қатысуымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсіруде.

Фотосуреттер авторы - Николай Постников.

Қоюшы-режиссері: Рүстем Ибдірашов

Сценарий авторлары: Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов, Рүстем Ибдірашов

Қоюшы суретші: Мұрат Карипов

Қоюшы операторлары: Сапар Койчуманов, Александр Плотников

Костюм жөніндегі суретші: Ажар Иубәкірова

Художник по гриму: Сергей Маурин

Бас продюсері: Арман Исенов

Композиторы: Ибілқайыр Ибдіраш

Редакторы: Ерлан Төлеутай

Басты рөлде: Қайрат Кемалов, Еркебұлан Дайыров, Досхан Жолжақсынов, Иісбек Ибілмәжинов, Аян Өтепберген, Мейірғат Амангелдин, Ниязбек Шайсұлтанов, Бекболат Тілеухан, Арман Қожа, Шұғыла Сапарғали, Мадина Есманова, Ғазиза Тілеубай, Қарлығаш Мұхамеджанова, Іӊкәр Ибдіраш, Фариза Ескермесова, Ишілер Сүлейменов және басқалар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны