18.03.2017, 10:55 6495

"Қазақ хандығы" тарихи сериалыныӊ телевизиялық көрсетілімі басталады

Бұл ауқымды тарихи жобаныӊ авторы - ҚР Президенті Н. И. Назарбаев. Фильмніӊ сценарийі Ілияс Есенберлинніӊ "Алмас қылыш" романыныӊ желісі бойынша жазылған. Фильмніӊ режиссері - Қазақстан Республикасыныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист және суретші Рүстем Ибдірашев.

Алматы. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Наурыз мерекесіне орай 2017 жылы 19 наурызда "31 телеарнада" ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ және "Centaurus Rustem Abdrashev production" ЖШС-ніӊ қатысуымен түсірілген "Қазақ хандығы" тарихи сериалыныӊ телевизиялық көрсетілімі басталады.

Бұл ауқымды тарихи жобаныӊ авторы - ҚР Президенті Н. И. Назарбаев. Фильмніӊ сценарийі Ілияс Есенберлинніӊ "Алмас қылыш" романыныӊ желісі бойынша жазылған. Фильмніӊ режиссері - Қазақстан Республикасыныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері, кинорежиссер, сценарист және суретші Рүстем Ибдірашев.

- Хикаяныӊ кино нұсқасы - "Алмас қылыш" фильмі кейбір отандастарымыздыӊ тарихқа деген қызығушылығын оятты. "Қазақ хандығы" сериалында фильмге кірмей қалған тартымты эпизодтар мен қызықты оқиғалар өте көп, сондықтан да бұл хикая көрермендердіӊ көӊілінен шығатынына күмәнім жоқ, - деді режиссер Рүстем Ибдірашев.

"Қазақ хандығы" тарихи хикаясыныӊ бірінші бөлімін осы жексенбіде, наурыздыӊ 19 күні сағат 22:00-де "31 арнадан" тамашалауға болады.

Естеріӊізге сала кетсек, "Қазақ хандығы" сериалыныӊ кино нұсқасы - "Алмас қылыш" фильмініӊ тұсаукесері былтырғы жылы Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын атап өту күндері Астана және Алматы қалаларында өткен болатын. 2017 жылы 5 қаӊтарда жалпыұлттық прокатқа шыққан аталмыш толықметражды көркем фильм, қазақстандық прокатта 72 млн. астам қаржы жинап, көшбасшылар қатарынан көрінді. Жалпы алғанда 2,5 мыӊнан астам сеанс, оныӊ 60% қазақ тілінде, ал 40% орыс тілінде көрсетілді.

Фильмніӊ түсірілім жұмыстары Алматы және Алматы облысында өткен. Түсірілімніӊ бір бөлігі "Қазақфильмніӊ" павильондарында құрылған декорацияларда, сонымен қатар киностудияныӊ аумағында суретшілер тұрғызған Шайбаншаһтыӊ сарайында өткен. Фильмді жасауға 500-ден астам адам жұмылдырылған, олардыӊ 200-ге жуығы түсірілім тобыныӊ мүшелері. Түсірілімдер бес айға созылып, 30 нысан пайдаланылған.

Фильм туралы:ХV ғасырдыӊ орта тұсы. Қара теӊіз жағалауынан Моӊғолияға дейінгі Еуразия кеӊістігінде бір кезде зор қуатты империя болған Алтын Орда құлағаннан кейін бірнеше жеке хандықтар құрылды. Олардыӊ ішінен қазіргі Қазақстанныӊ аумағын жайлап жатқан Ақ орда ерекшеленді. Ақ орда билігі Шыӊғысханныӊ немересі, Жошыныӊ үлкен ұлы Орда Еженніӊ әулетіне тиесілі болды. Арада уақыт өте келе Шайбаниттердіӊ кіші тармағынан шығатын Ибілқайыр өз билігін күшейтіп, жеке хандық құрды. Ол көшпенділерге қатыгез, аяусыз саясат ұстанған болатын.

1460 жыл. Орда Еженніӊұпақтары- Кереймен Жәнібектіӊ айналасына біріккен ондаған мыӊ көшпенділер ақсақалдар кеӊесінде шешім қабылдап, Ибілқайырдан бөлініп шығады. Сұлтандар Моғолстанныӊ шекарасына дейін жеткенде, жергілікті билеуші Есен-бұға оларға қоныс беруге келіседі. Есімі аӊызға айналған абыз Асанқайғы да көшке ілесіп, бөлініп шығуға себеп болған оқиғаларды жырына қосады.

Жәнібек пен Керей Ибілқайырдыӊ хандығынан бөлініп, өз ұлыстарын құруға бекінді. Керей мен Жәнібекке қосылған рулардыӊ басшы-билері құрылтай өткізеді. Еӊ алдымен, жұдырықтай жұмылған ынтымақ керек екенін ескерген олар Керейді хан сайлап, Қазақ хандығыныӊ құрылғанын паш етеді.

Қоюшы-режиссері: Рүстем Ибдірашов

Сценарий авторлары: Смағұл Елубай, Тимур Жақсылықов, Рүстем Ибдірашов

Қоюшы суретшілері: Өмірзақ Шманов, Сәбит Құрманбеков, Еділ Нүсіпов пен Жаннат Баймұқанованыӊ қатысуымен

Қоюшы операторлары: Сапар Койчуманов, Александр Плотников және Андрей Маслов.

Бас продюсері: Арман Исенов

Фильмніӊ продюсері: Іӊкәр Ибдіраш

Композиторы: Ибілқайыр Ибдіраш

Басты рөлде: Қайрат Кемалов, Еркебұлан Дайыров, Досхан Жолжақсынов, Иісбек Ибілмәжинов, Аян Өтепберген, Мейірғат Амангелдин, Ниязбек Шайсұлтанов, Бекболат Тілеухан, Арман Қожа, Шұғыла Сапарғали, Мадина Есманова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Іӊкәр Ибдіраш, Дінмұхамед Ақымов және басқалар.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны