29.07.2015, 09:27 3171

Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы құрметіне халықаралық фестиваль Алматы облысында өткізілді

Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы құрметіне орай "Мәӊгілік ел" халықаралық фестивалі Талғар қаласына таман Іле-Алатауы ұлттық паркініӊ баурайындағы тау етегінде өткізілді

Талдықорған. 29 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы құрметіне орай "Мәӊгілік ел" халықаралық фестивалі Талғар қаласына таман Іле-Алатауы ұлттық паркініӊ баурайындағы тау етегінде өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Алматы облысы әкімі баспасөз қызметініӊ мәлімдеуінше мемлекет пен жекеменшік иелерініӊ серіктестігі негізінде ұйымдастырылған ісшара патриотизмді тәрбиелеуге, рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық мәдени дәсүрлерді жетілдіру мен бірыӊғай мәдени кеӊістікті нығайтуға және кеӊейтуге бағытталған, - деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Баспасөз қызметі атап өткендей фестиваль қонақтары үшін қолөнер бұйымдарыныӊ жәрмеӊкесі, халық музыкасыныӊ концерттік бағдарламалары, сонымен қатар кез-келген үйренуге ниет білдіргендер шеберлік-сыныптарында терімен, күміспен, саз-балшықпен және киізбен жұмыс істеудіӊ қыр-сырын меӊгеруге мүмкіндік алды.

Сонымен қатар аталған ісшара шеӊберінде Болгария, Венгрия, Түркменстан, Корея, Монғолия, Түркия, Қырғызстан және Қазақстанныӊ өкілдерініӊ қатысуымен дәстүрлі түрде өткізілетін "Алтын мерген" садақ ату, "Турул" бүркітшілер сайысы мен тағы да басқа ат спорты ойындары фестивалі өткізілгені хабарланды.

Ісшара ұйымдастырушылары атап көрсеткендей фестиваль шеӊберінде қазақ халқыныӊ ұлттық салт-дәстүрі мен шаруашылығын және мәдениетімен таныстыра алатын бір-бірімен өзара байланысты түрлі ісшараларды біріктіруге мүмкіндік берген нағыз этноауыл мен мұндалап тұрды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны