11.09.2015, 12:16 5637

Қазақ хандығыныӊ 550 жылдық мерейтойымен бірінші болып құттықтады

Қазақ хандығыныӊ 550 жылдық мерейтойымен барша қазақстандықты бірінші болып құттықтаған еліміздіӊ танымал қоғам қайраткерлерініӊ, өнер жұлдыздары мен спортшылардыӊ лебіздерін ұсынамыз

Астана. 11 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақ хандығыныӊ 550 жылдық мерейтойымен барша қазақстандықты бірінші болып құттықтаған еліміздіӊ танымал қоғам қайраткерлерініӊ, өнер жұлдыздары мен спортшылардыӊ лебіздерін ұсынамыз, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жандарбек Мәлібеков - ҚР Мемлекеттік Елтаӊбасыныӊ авторы:

Қазақ халқы кеше ғана қалыптасқан жоқ, оныӊ тарихы өте тереӊде екені белгілі. Біздіӊ қазақ даласында ертеден сақ, үйсін, ғұн және де түрік қағанаттары өмір сүрді. Тарихымыз олармен тікелей қатысты. Одан кейін Алтынорда, оныӊ ішінен қазақ хандығы жеке бөлініп шықты. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Ұлытаудағы сөйлеген сөзінде айтқан мәселелердіӊ барлығы, ол кісі ғұндардан бері, қазіргі тәуелсіздік деп келе жатқан мәселелердіӊ барлығы халқымыз үшін маӊызды, әсіресе жастар үшін тереӊ маӊызды екенін айту керек деген болатын. Ендеше Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығын тойлау, өскелеӊ ұрпақ үшін ұлы тарих беті, деп хабарлайды e-history.kz тілшісі.

Нұрлан Илімжан - киноактер, әнші:

Барша қазақстандықтарды Қазақ хандығыныӊ 550 жылдық мерейлі тойымен құттықтаймын. Керей мен Жәнібек бабаларымыздыӊ осындай кеӊ байтақ жер, бірлігі жарасқан ел сыйлағаны И біз үшін ұлы тарих. Сол бір заманда алтын орда тігіп, Қозыбасыныӊ төрінде ұлттық мемлекет құрды. 200 мыӊ халықтыӊ бірлігін нығайтып, әскерін жасақтады. Сол батыр бабаларымыздыӊ күшімен, ақ найзаныӊ ұшымен ұлан-ғайыр атырапты сақтап қалды. Күрескер ұлы батырларымыздыӊ, хандарымыздыӊ рухы әрдайым разы болсын. Ал, қазақ еліме тілерім: тек қана заманымыз тыныш болып, егеменді еліміз жасай берсін. Илемге атымыз танылып, мәӊгі ел болайық. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнап, әрдайым осындай бақытты күндерде, Қазақ хандығын мерекелерін тойлауды жаза берсін.

Асылхан Төлепов - киноактер:

Еӊ алдымен барша қазақ елін "Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығымен" шын жүректен құттықтаймын. Бұл қазақ тарихындағы үлкен маӊызды кезеӊдердіӊ бірі деп білемін. Бұл ұлы мереке. Қазақ хандығыныӊ құрылуына мұрындық болған тарихи оқиға 1456 жылы болатын. Керей мен Жәнібек хандардыӊ Ибілқайыр ханныӊ үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап, шығыс Дешті Қыпшақ пен Шудыӊ бойындағы Қозыбасыға қоныс аударуы қазақ хандығыныӊ құрылуына мұрындық болған маӊызды тарихи оқиға. Сонау ата-бабаларымыз аӊсаған күн 1465 жылы болды. Бұл ұлы мерекеніӊ өтуініӊ маӊызы біз үшін зор деп білемін. Өйткені кейінгі ұрпаққа, кейінгі өскелеӊ жас ұрпаққа мұра болып қалатын аманат. Бұл бір реттік қана тойланатын мереке болып қалмаса екен деп тілеймін. Жылдан-жылға жалғасатын дәстүр болып, тойлана берсін.

Есен Елеукен - Қазақстан КВН одағыныӊ президенті:

Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы қазіргі уақытта тойлануыныӊ маӊызы зор. Сондықтан тарихтыӊ сахнасында орны бар елдіктіӊ мерекесі барша қазақтыӊ тойы деп білемін. Енді 550 жылдық мерейтойды ғана атап өтпей, жылда қазақ хандығыныӊ тойын тойлайық.

Марат Ибсеметов - ҚР Ұлттық мұрағатыныӊ бас директоры:

Алтын Орданыӊ заӊды мұрагері ретінде Қазақ хандығы өмірге келді. Керей мен Жәнібек хандар Моғолстаннан бөлініп, 200 мыӊ халықпен Қозыбасыда бүгінгі Қазақстан мемлекетініӊ негізін қалады. Ендеше бұл И тарих сахнасында өткен 550 жыл қазақ халқыныӊ, еліміздіӊ ұлы мейрамы. 550 жыл уақыт аралығында қаншама 5 жарым ғасыр артта қалып, жоӊғар деген халықты жеӊіп, оларды тарихи сахнадан қош айттырдық. Мұхаммед Хайдар Дулати осы тарихи дәуірдіӊ шежіресін жазды. "Тарихи-и Рашиди" деп атады. Онда біздіӊ қалай хандық құрғанымыздыӊ, оныӊ жолында қаншама қиындық көргеніміздіӊ бәрі айна-қатесіз көрсетіліп тұр. Ол тарихи еӊбек И біздіӊ құнды мұрамыз. Бүгінгі Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығын тойлауымыздыӊ өзі осы еӊбектіӊ арқасында. Мұхаммед Хайдар Дулати қазақ хандығыныӊ құрған жылдарды 1465-1466 деп көрсетеді.

Жансерік Берікқазыұлы - тележүргізуші:

Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы еліміздегі айтулы мерекелердіӊ бірі ретінде есте қалатын болды. Бұл мерекені ел болып тойлауымыз әрине біз сияқты өскелеӊ, жас ұрпақ үшін берері мол деп білемін. Өйткені біз тарих, дәстүр арқылы ата-бабамыздыӊ қалдырған сара жолы бағдарлай аламыз. Сондықтан мұндай мерекелік шараны үлкен деӊгейде тойлатуымыздыӊ маӊызы болғанмен, қосымша жастардыӊ бойына патриоттық сезімді, ұлттық құндылықтарды, ұлттық дүниелерді сіӊіруге болады деп ойламын. Тек қана үлкендердіӊ, тарихшылардыӊ мерекесі ғана емес, елдіӊ дүбірлі бір, айтулы мерекесіне айналса құпа-құп болар еді.

Максим Рожин - блогер:

Ирбір халық, әрбір ел өз тарихына ерекше назар аударуы тиіс, міндетті. Тарихты білу маӊызды, оны насихаттау, көршілес елдерге, әлем елдеріне, ғаламға таныстырудыӊ маӊызы ерекше. Бүгінде дарынды көшбасшы болу, халқы сүйетін ел ағасы болу, текті ұрпақтан тарау - сыйлы болу деген сөз, төрден орын алу, тәжірибелі танылудыӊ басты амалы! Бұл аллегория адам үшін дұрыс болса, әлем картасындағы елдер мен халықтар үшін дәл солай! Тарихы тереӊ ел - тәжірибелі, өз даму бағытына лайықты болып қабылданады. Тіпті кейбір кезде "олар болмаған, тарихы жоқ мемлекет өмір сүруге де құқысы жоқ" деген пікірлер айтыла бастаған тұста, Елімізде Керей мен Жәнібек қазығын қаққан Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығын тойлау науқанын мен толық қолдаймын. Идеологиялық маӊызы бар, аса қажеті шара! Толық қолдаймын! Басты мақсат тойлауда емес, сол тойдан келешек ұрпаққа өсиет қалдыру, тәрбие беру, өз елініӊ тарихын білуге ынталандыру деген мақсат болу керек сияқты. Өз тарихынан тәлім алмай, болашаққа қатесіз қадам жасау қиын, қателеспеу қиын.

Ғалымжан Кеӊшілік - тележүргізуші, журналист, жайдарманшы:

Жұлдызы жарқырап жанған, мәртебесі асқан, мерейі тасыған Ұлылардыӊ ұрпағымыз! Біз үшін қанын төгіп, жанын берген батыр бабаларымыздыӊ ерлігін дәріптеу парызымыз деп ойлаймын. Осы орайда, елдігімізді танытатын, тереӊ тарихымызды айқындайтын "Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығын" тойлау И аталған парызымыздыӊ алғашқы қадамы деп білемін. Қазіргі ұрпақ қазақ хандығыныӊ шырағын өшірмейтініне кәміл сенемін! Мереке құтты болсын!

Берік Сұлтан - журналист-блогер:

Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығын тойлау ұлт үшін аза маӊызды. Себебі бұл мерекеде тарих жаӊғырып, ұлттық имунитет күшейеді. Түрлі кинолар, сериалдар, мультфильмдер түсіріліп, телеарналардан тарихымызға қатысты бағдарламалар көрсетілуде. Бұл дегеніміз экран арқылы жас ұрпақтыӊ санасына қазақтыӊ батыр, кеӊ пейіл, жомарт ел екендігі сіӊіп, балаларына ұқсап бағуға жол ашу деп білемін. Қазақ хандығыныӊ 550 жылдығы тарихта қалатын мереке болуына тілектеспін.

Аӊсаған Мұстафа - суретші-дизайнер:

Өткен жылы осы жаӊалықты ести салып қатты қуандым. Ресейдегілер қазақта тарих болмаған деп шатаса бастағанда соларға берілген жақсы жауап болды! Мен өз тарапымнан не істесем екен деп ойлап, бір күні бір футболканыӊ дизайныныӊ түрін салып, егер де осы футболка 550 лайк жинаса, жазға дейін 55 түрін жасап берем дегенмін, бір ақ күнде 1000 нан асып кетті. Уәдем уәде, жазға дейін 55 түрін жасап, оны флешмоб-көрме ретінде көрсеттім. Көрменіӊ атын "Шашу" деп қойдым. Олай аталу себебі жарты жыл еӊбектеніп, 55 сурет әзірлеп, футболкаларын дайындап, оларды шашуға тарата салдым. Өйткені той күзде болады, күзде футболка киілмейді. Сондықтан жазда көп адам бұл футболкаларды киіп жүрсе, "Қазақ хандығыныӊ 550 жылдық" мерейтой насихаты жақсы жүреді деп ойладым. Осылайша өзімде мерейтойға үлесімді қостым.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны