23.06.2015, 09:16 3328

"Қазақ хандығыныӊ өркендеуі Еуразия болашағына пәрменді әсер етті" - баспасөзге шолу

"ҚазАқпарат" халықаралық ақпараттық агенттігі 23 маусым, сeйсенбі күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мақалаларға шолуды ұсынады

Астана. 23 Маусым. Kazakhstan Today - "ҚазАқпарат" халықаралық ақпараттық агенттігі 23 маусым, сeйсенбі күні жарық көрген республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мақалаларға шолуды ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

***

"Егемен Қазақстан" газетінде "Қазақ хандығыныӊ бастаулары мен тарихи дәуірі" атты тақырыппен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтыныӊ директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі Ханкелді Ибжановтыӊ көлемді мақаласы басылған. "Мемлекет пен оныӊ азаматтарына еӊ керек құндылық - азаттық. Қазақ хандығы құрылғанға дейін де азаттықты сақтаудыӊ басты шарты ретінде билік пен билеушініӊ біліктілігі, халықтыӊ бірлігі мен ынтымағы, ел мен жерді қорғауға қабілетті қарулы күштердіӊ сақадай-сай тұруы ұлықталды. Мемлекеттіӊ астанасына айрықша мән берілді. "Өтікен қойнауында отырсаӊ, - делінген Күлтегін ескерткішінде, - мәӊгі елдігіӊді сақтайсыӊ". Біздіӊ ойымызша, түркілік "Мәӊгі Ел" идеясыныӊ астанамен байланыста дүниеге келуі қалыптасқан мемлекетте ғана мүмкін құбылыс. Қазақ хандығыныӊ тарихи тамырлары тереӊде жатыр. Оны XV ғасырдағы, тіпті, оныӊ алдындағы үдерістермен шектеу методологиялық қисынсыз әрі ғылыми танымға қиянат. Қазақ хандығы тарих сахнасына шыққан тағдыр анықтағыш сәттіӊ, айрықша серпілістіӊ мәнді белгілерін тани білудіӊ мәні зор екенін жоққа шығармаймыз. Дегенмен, нағыз ғылыми танымға объективтілік, жүйелілік, даму ұстанымдарына жүгіну жарасқан",-дейді ғалым, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ханкелді Ибжановтыӊ жазуынша, Қазақ хандығыныӊ шаӊырақ көтеруі - халқымыздыӊ тарихы мен тағдырындағы ұлы бетбұрыс. Ал оныӊ нығая өркендеуі Еуразия болашағына пәрменді әсер етті. Сол ілгерілеу мен мақтаныш ұлттық санамызға өшпестей жазылғаны соншалық, тәуелсіздік тұсында хандар мен билерге, батырлар мен сұлтандарға құрметіміз жаӊа серпінмен сыртқа шықты. "Мәӊгілік Ел" идеясыныӊ өміршеӊдігіне бұл да бір айғақ-дәлел екені сөзсіз. Тәуке ханныӊ дүниеден озуымен Қазақ хандығы өз тарихыныӊ екінші сатысына аяқ басты. Оны сындарлы саты деп айдарладық. Хронологиялық шеӊбері 1715-1847 жылдар, яғни Кенесары ханныӊ қасіретімен тұйықталады. Соныӊ алдында ғана 1801 жылы Павел І патшаныӊ жарлығымен құрылған Бөкей хандығы тарқатылған (1845 ж.) болатын.

Бас басылымда "Алматыда "жапон бағы" бар" деген материал берілген. Мегаполис қаланыӊ мерейін асыратын мәдени, демалыс орынИдарыныӊ қатары көбейіп келеді. Соныӊ бірі - "жапон бағы" АлмаИтыдағы Тұӊғыш Президент саябаИғында пайда болды. Қала тұрғынИдарыныӊ көзін қуантып, Итуристерге тамаша әсер сыйлайтын баққа жолы түскендер өзін нағыз Жапонияда жүргендей сезіне алады. Алматыныӊ еӊ көрікті жеріне қоныс тепкен бақта бәрі де бар. Бұл жобаныӊ авторлары бақ өз атауына сай болуы үшін барлық жағдайды жасаған. Қаланыӊ табиғи ресурстары басқармасыныӊ мәлімдеуінше, уақыт өте келе бақ мұнан да көркем бола түседі. Қазірдіӊ өзінде мұндағы жапон халқыныӊ пагодалары, Күншығыс елі стиліндегі орындықтар мен шамдар, гүлзарлар мен көгалдар, тоғандар мен бұлақтар көз тартады. Мұнда жапон сәулет өнерініӊ үлгілері де тамаша шешім тапқан. Түнде саябақта шамдар жанып тұрады.

***

"Ана тілі" газетініӊ соӊғы санында "Жасыбай жағасы талапқа сай бола ма?" деген мақала жарияланды.

Биыл Павлодар қаласында жергілікті билік өкілдері облыста 3 мыӊға жуық жасөспірім жазғы демалысты киіз үй лагерьлерінде өткізеді деген болатын. Алайда әлі күнге дейін олардыӊ санитарлық талапқа сәйкестігін растайтын ешбір ұйғарым берілмеген. Бұл туралы облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментініӊ басшысы Ермек Камелов мәлім етті.

Басшыныӊ айтуынша, жаӊа қағида бойынша тек қана жоспарлы тексерістер өткізіледі. Басқа жағдайда, тиісті өтініш түсірілуі керек.

"Былтыр Баянауыл демалыс аймағында қызмет көрсетушілердіӊ бірқатары санитарлық қауіпсіздік мәселесіне салғырт қарағаны белгілі. Бұған елде кәсіпкерлікті тексеруге байланысты енгізілген мораторий ықпал еткен. Ийтеуір, ешкім тексермейтініне сенген бәзбіреулер тұтынушылар құқығына шекесінен қарағанына демалушылар талай шағымданған. Биыл жағдай қандай болмақ?"-деп жазады мақала авторы.

Осы газетте "Телеарналарға шынымен-ақ тежеу болмай ма?" атты мақала көпшілік назарына ұсынылып отыр. Елбасы Н.Назарбаевтыӊ "Бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ кемінде 50 пайызы қазақ тілінде болуы тиіс" деуініӊ ар жағында мемлекеттік тіл тағдыры туралы үлкен ой жатқан еді. Президент одан кейін де ешбір тәуелсіз мемлекет өзініӊ эфирлік кеӊістігін өзге елге беріп қоймауы керектігін де айтқан болатын.

"Оныӊ бер жағында телерадио хабарларын тарату туралы заӊныӊ орындалмай келе жатқаны туралы БАҚ беттерінде айтудай-ақ айтылып жүр. Бірақ соныӊ бәрі, еӊ аяғы заӊ талаптарына шейін ескерусіз, елеусіз қалып келе жатқаны қынжылтады. Биылдыӊ өзінде, анау-мынау емес, Үкімет үйінде Премьер-Министрдіӊ білдей орынбасары Бердібек ИСапарбаев бастаған жиында да тілдер туралы, телерадио хабарлары туралы заӊды бұзушылық орын алып отырғаны туралы сөз болды. Оныӊ әртүрлі зерттеулер бойынша дәлелденген шындық екенін Бердібек мырза өзі айтып берді. Содан бері де жарты жылға жуық уақыт өтсе де, телеарналар оған "пысқырып қарағаны" байқалмай отыр",-деп жазады басылым.

***

"Экспресс К" гезетініӊ бүгінгі санында "Байге пришел кирдык" деген материал жарияланды. Алматыдағы Абай даӊғылы бойындағы қоғамдық көліктер үшін жасалған арнайы жолақ жылдамдықты асырып жүретін жүргізушілерді тізгіндеп, бағдардағы көліктер арасындағы бәйгені тоқтатты. Сонымен қатар осы жолақтыӊ арқасында бір аптаныӊ ішінде қалалық қазына жүз айыппұлмен толығып, жолаушылар саны 19 пайызға өсті.

Сонымен қатар бұл арнайы жолақтыӊ тағы бір ұтымды жағына тоқталатын болсақ, қоғамдық көлік рейстерініӊ саны 30 пайызға артқан көрінеді. "Егерде бұрындары автобус жүргізушілері өздерініӊ араларында жарыс өткізіп жүрсе, енді қазір олардыӊ арасында нақты бекітілген интервал бар. Ирбір жүргізуші өзініӊ кестесімен жүреді",-дейді көлік басқармасыныӊ басшысы Талған Абдрахманов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны