29.04.2008, 18:00 3083

Қазақ инвесторлары қауымдастығының өкілдері қазақ-қырғыз қарым қатынастары туралы көзқарастарымен бөлісті

Қазақ инвесторлары қауымдастығының өкілдері қазақ-қырғыз қарым қатынастары туралы көзқарастарымен бөлісті

Бішкек. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақ инвесторлары қауымдастығының өкілдері қазақ-қырғыз қарым қатынастары туралы көзқарастарымен бөлісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің Қазақстанға келген сапарының қорытындысын позитивті қабылдадық", - деді баспасөз мәслихатында қауымдастық төрағасы Бақытбек Желдібаев. Ол мәлімдегеніндей, Қ. Бакиевтің 2008 жылдың 17-18 сәуір аралығында Қазақстанда болған сапар қорытындыларымен таныса келе "біз екі мемлекет басшысына жолдау жіберіп, онда қазақ-қырғыз екі жақты қарым қатынастардың бүгінгі жағдайына байланысты өзіміздің көзқарастарымызды білдіру туралы шешім қабылдадық".

Қауымдастық өкілдері журналистерді жолдау мәтінімен таныстырды. Онда айтылғанындай, "Біз қазақ инвесторларының қауымдастығы, Жоғары мемлекетаралық кеңестің шұғыл қызметін қамтамасыз етуге арналған және оны үкімет басшылары басқаратын қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің құрылуын құптаймыз. Ортақ тарихи және мәдени байланыстары бар біздің мемлекеттер халықтарының мүддесіне сай келетін сауда -экономикалық қарым қатынастарды жандандыруға қолдау көрсететін және біздің елдер арасында 2008-2010 жылдары ынтымақтастықты нығайту жөніндегі шаралар жоспарын қолдаймыз.

Екі мемлекет басшыларының инвесторларға жан жақты қолдау көрсету ниеттері ерекше ризашылықты тудырады. Жылдан жылға Қырғызстанда қолайлы инвестициялық жағдай туғызу жағдайына ерекше көңіл бөлінеді және Қырғызстан президенті жанында құрылған инвестициялық кеңесінің отырысында Қ. Бакиевтің қатысуымен шетелдік инвесторлардың жұмысында туындаған мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік бар ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны