08.04.2010, 10:13 2643

Қазақ - қырғыз шекарасында азаматтарды өткізуге шектеу енгізілді

Қазақ - қырғыз шекарасында азаматтарды өткізуге шектеу енгізілді

Астана. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақ - қырғыз шекарасында азаматтарды өткізуге шектеу енгізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "қазір қазақ - қырғыз шекарасында азаматтарды өткізуге шектеу енгізілді. Демек, Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары көрші республикадан өз елдеріне орала алады, бірақ, өз елдерінен әзірге шығуына шектеу қойылады".

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер мұндай шектеу режимі қанша мерзімге енгізілгені жайлы нақтыламады.

Баспасөз қызметі бұған қоса қазақ - қырғыз шекарасында шекара қызметінің күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілгені туралы ақпаратты растады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны