03.02.2010, 17:53 3481

Қазақ- қырғыз шекарасында шекарашыларға қарсылық көрсетемін деп контрабандашы қаза тапты

Қазақ- қырғыз шекарасында шекарашыларға қарсылық көрсетемін деп контрабандашы қаза тапты

Бішкек. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақ- қырғыз шекарасында 2 ақпанда шекарашыларға қарсылық көрсетемін деп контрабандашы қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметіне сілтеме жасап.

Шекара қызметінің хабарлауынша, сағат 22.30-да Талас шекара отрядының "Чон-Капка" шекара заставасы маңында мемлекеттік шекарадан Қырғызстаннан Қазақстанға контрабандалық жолмен жүк алып өтпек болған үш бірдей ЗИЛ-131 маркалы жүк көлігі ұсталған. Олардан жалпы құны 960 мың сом тұратын 12 тонна тауық саны шыққан.

Ұстау кезінде контрабандашылар тобынан бір Қырғызстан азаматы шекарашылар жасағына қарсылық көрсеткен. Соның салдарынан оған оқ тиіп, Манас ауданының ауруханасына жеткізу барысында, дәрігерлік көмек көрсетілмей тұрып, көз жұмды.

Оқиға орнында құқық қорғау органдарымен бірлесе тергеу шаралары жүргізіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны