19.08.2018, 13:10 4994

Қазақ көз аурулары ғылыми зерттеу институтында "Көз қасаӊ қабық трансплантациясындағы заманауи аспектілер" тақырыбында Қазақстан-Американ шеберлік дәрісі өтеді

2018 жылдыӊ 20-24 тамыз аралығында Қазақ көз аурулары ғылыми зерттеу институтында "Көз қасаӊ қабық трансплантациясындағы заманауи аспектілер" тақырыбында Қазақстан-Американ шеберлік дәрісі өтеді. Шара аясында 7 науқасқа қасаӊ қабық алмастыру бойынша күрделі ота жасалмақ.

Алматы. 19 тамыз. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 20-24 тамыз аралығында Қазақ көз аурулары ғылыми зерттеу институтында "Көз қасаӊ қабық трансплантациясындағы заманауи аспектілер" тақырыбында Қазақстан-Американ шеберлік дәрісі өтеді. Шара аясында 7 науқасқа қасаӊ қабық алмастыру бойынша күрделі ота жасалмақ.

2017 жылы Қазақ көз аурулары ҒЗИ және АҚШ-тыӊ Көз трансплантологиясы бойынша зерттеу институты арасындағы келісім шарт негізінде Қазақстанда қасаӊ қабық патологиясы бар науқастарға жоғарымаманданған көмек көрсету бойынша АҚШ-тыӊ білікті мамандарымен бірлескен жұмыстар жүргізіле бастады. Нәтижесінде Америкалық қасаӊ қабық банкі арқылы консервіленген донорлық материал алу арқылы керотопластика отасын жасау мүмкін болды. Бұл дәстүрлі түрде трансплантация бойынша Республикалық Координациялық орталық ұсынатын донорлық материалмен жасалатын отамен қатар жүзеге асырылып отырған мүмкіншілік. Жыл сайын әлемде, сонымен қатар Қазақстанда түрлі діни, моральдық, заӊнамалық және де өзге де себептерге байланысты донорлық материалдыӊ тапшылығы өзекті мәселеге айналды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ мәліметінше 10 миллион науқас көз қасаӊ қабық трансплантациясын қажет етеді, десе де жылына әлемде 40 000 кератопластика отасы жасалады. Бұл қажет мөлшердіӊ 50 % -на да жетпейді. Кератопластика отасын қажет ететін басты себеп, жарқат, қабынудыӊ асқынған түрі және т.б. Бұрынырақ әлемде кератопластика әдісі қасаӊ қабықтыӊ барлық қабатын ауыстыру арқылы жасалатын, соӊғы 10 жылда бұл жағдай өзгерді.

Қазақ көз аурулары ҒЗИ ТМД елдері арасында көз қасаӊ қабық трансплантациясын жасау бойынша көшбасшылар қатарынан қайта табылып отыр. Халықаралық стандарттарды ескере отырып, заманауи дамыған техникалық базаны жабдықтай отырып, әлемніӊ жетекші мамандарымен тәжірибе алмаса отырып Институт ел тұрғындарына жоғары сапалы медициналық көмек көрсетіп келеді.

Шеберлік дәріс барысында офтальмотрансплантология бойынша жаӊа емдеу әдістер, емдеу процесініӊ интенсификациясы талқыланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны