19.10.2006, 13:02 3198

Қазақ - Өзбек шекарасында бөгеттер тұрғызылуда

ШЫМКЕНТ. 19-қазан. Kazakhstan Today. Қазақ - Өзбек шекарасында бөгеттер тұрғызыу жұмыстары одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Оңтүстік" аймақтық басқармасының бастығы Талғат Есетовтың айтуынша, бөгеттер Сарыағаш ауданындағы "Қапланбек", "Сарыағаш", "Ынтымақ" және "Красный водопад" шекаралық заставалары учаскесінде орнатылуда.

Оның айтуынша, елді мекендер аумағында шекараға тосқауылдар орнату межеленген. "Біздің мақсат - контрабанданы жаппай далаға қарай алып шығып, сол жерде жолын кесу. Ал ауылдарда біз оқ атудан қорқамыз. Қару қолданған жағдайда бейсауат жүрген адамдарға тиіп кете ме деп қорқамыз. Біздің әрекеттеріміз 30 метрлік аумақта шектелген",- деді Т.Есетов.

Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен жоспарланған 45 шақырымның 18 шақырымына шекаралық бөгеттер тұрғызылды. "Оңтүстік" аймақтық басқармасы бастығының пікірінше, жұмыстар алдағы 3-4 айда бітеді. Келесі кезекте Мақтаарал ауданында Жетісай жеке комендатурасының маңында шекаралық бөгеттер орнатылады.

"Оңтүстік" аймақтық басқармасының анықтамасына сәйкес, шекара учаскесіндегі бөгеттер бес метрлік бақылау белдігінен, одан кейін биіктігі жарты метрлік шырматылған сымдардан тұратын байқалмайтын бөгеттен, сондай-ақ, биіктігі 2,5 метрлік бағандарды орай тартылған спираль түріндегі тікенекті сымдардан және аз байқалатын тосқауылдардан тұрады. Сонымен бірге әрбір 10 метр сайын прожекторлар орнатылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны