20.12.2016, 17:50 4530

Қазақ радиосы, "Шалқар", "Астана", "Classic" радиолары біріктірілді

"Қазақстан" ТРК" АҚ қарасты "Республикалық радио" жауапкершілігі шектеулі серіктесті құрылды. Құрамына Қазақ радиосы, "Шалқар", "Астана", "Classic" радиолары кіретін серіктестік өз жұмысын 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастайды

Астана. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Қазақстан" ТРК" АҚ қарасты "Республикалық радио" жауапкершілігі шектеулі серіктесті құрылды. Құрамына Қазақ радиосы, "Шалқар", "Астана", "Classic" радиолары кіретін серіктестік өз жұмысын 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Қазақстан" ТРК" АҚ Стратегиялық маркетинг департаментініӊ ақпаратына сілтеме жасап.

"Республикалық радио" ЖШС директоры қызметіне Қазақстан Республикасыныӊ ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаевтыӊ келісімімен Досымбек Қонысбекұлы Өтеғалиев тағайындалды. 1976 ж. 7 сәуірінде туған ол Иль-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетініӊ түлегі, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде "заӊгер" мамандығын алған, журналистика магистрі.

1997 жылдан бастап БАҚ саласында қызмет етіп келеді. 1997-2011 жж. "Шахар" ТРК телерадиобағдарламалар жүргізушісі; 2000-2001 жж. "Алматы - Южная столица" ТРК жаӊалықтар жүргізушісі; 2001-2004 жж. "Хабар" Агенттігініӊ жаӊалықтар жүргізушісі, продюсер; 2005-2008 жж "31 арна" ТРК "Информбюро" шығарушы редакторы; 2008-2009 жж. "Алматы" ТРК Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар Дирекциясыныӊ Директоры; 2009 ж. бастап "Алматы" ТРК бас продюсері, 2010 ж.бастап "ЗАӉ" Медиа-корпорациясы" ЖШС президенті қызметтерін атқарған.

Бүгін директорды ұжымға таныстыру барысында "Қазақстан" телерадиокорпорациясы" АҚ Басқармасыныӊ Төрағасы К.Б. Ойшыбаев радиолардыӊ жұмысын жандандыру, рейтингті жоғарлату, бағдарламалардыӊ сапасына назар аудару секілді тақырыптарға аса көӊіл бөлуге шақырды. Досымбек Өтеғалиевтіӊ тәжірибелі маман екенін айта келе, артылған жұмысты әділдікпен атқаратынына үлкен сенім білдірді.

"Қазақстан" ТРК" АҚ Басқармасыныӊ төрағасы К.Ойшыбаев:

- Бірінші мақсат - тыӊдарман санын көбейту. Алдағы үш жыл ішінде қазақ радиосын бірінші орынға шығару қажет. Қойылған талапқа жетеміз деп сенемін. Ир радионыӊ өз бағытын айқындау керек. Мәселен, Қазақ радиосы мен "Шалқар" радиосыныӊ бағдарламалар желісі әр басқа болуы керек. Бағдарламалардыӊ ерекше қызық болуын да естен шығармаған жөн. Рейтингті жоғарлатуға барлық мүмкіндік бар, соны қолданайық, - деді.

Радиолардыӊ қызметкерлері "Республикалық радио" жауапкершілігі шектеулі серіктестігініӊ құрамына үш ай сынақ мерзімімен орналастырылады. Алдағы уақытта "Қазақстан" ТРК құрамы кеӊейіп, жастарға арналған интернет телевизия ашу жоспарда бар және қазақ дәстүрін сақтау мақсатында "Алтын қор" бөлімі ашылмақ. Радиоқызметкерлер аталған бөлімдерге де орналастырылатын болады.

Өз кезегінде "Республикалық радио" ЖШС директоры Д.Өтеғалиев бір ғасырға жуық тарихы бар Қазақ радиосын, 50 жылдан астам тарихы бар "Шалқар" радиосын және өз көрермені бар "Астана" мен "Classic" радиоларыныӊ жұмыс барысын айтарлықптай өзгертпейтінін, алайда шығармашылық бағытта өз көзқарасыныӊ бар екенін жеткізді, радиолардыӊ болашағы үшін тығыз жұмыс істеуге шақырды.

Бас директор - Қазақ радиосыныӊ директоры қызметін атқарған Махат Кәбірұлы Садық қызметін Қазақ радиосыныӊ Бас редакторы ретінде жалғастырады.

Сонымен қатар, бүгін "Қазақстан" Ұлттық телеарнасыныӊ ақпараттық бағдарламалар дирекциясыныӊ директоры таныстырылды. Аталған қызметті Ерлан Нұрбайұлы Атамбай атқарады. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген, "Тұран" университеті Құқықтану факультетінде "заӊтану" мамандығын алған магистр.

Е.Атамбай оған дейін 2013-2015 жж. "Қазақстан" ҰТА Ақпараттық бағдарламалар дирекциясыныӊ директоры, Бас редакторы, "Қазақстан" РТРК Конвергенттік редакция жетекшісі қызметтерін атқарды.

Е.Атамбайға дейін жаӊалықтар қызметіне басшылық еткен Еркін Таӊатқанұлы Мұхамеджанов аймақтық хабар таратуды дамыту дирекциясы эфирді талдау және мониторинг жасау бөлімініӊ басшысы лауазымына тағайындалды.

"Қазақстан" ТРК" АҚ Басқармасыныӊ төрағасы Кемелбек Ойшыбаев "Қазақстан" Ұлттық арнасыныӊ жаӊалықтар қызметініӊ жұмысы арта түсетініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны